Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар



  

 



«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында онлайн конкурс өткізілді

 

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және ұлы ақын А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай қызметкерлер арасында Абай шығармаларын (өлең, ән, қара сөз) насихаттау мақсатында 2020 жылғы 17-22 қыркүйек аралығында Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында онлайн форматта конкурс ұйымдастырылды. Конкурсқа 14 үміткер қатысты. Конкурс жүлдегерлері анықталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Зейнегалиева Ақжарқын дәрігер-резидент - 1 орын.

Зейдуллаев Ербол Госпитальдық қызмет көрсету секторының меңгерушісі - 2 орын.

Нұрбаева Арайлым Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері - 3 орын.

Заманбек Орынбек - Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің массажисі, «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері.

Сарибаева Гульшад - Трансфузиология бөлімшесінің шаруа бикесі, «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері.






   

 

ҚР ДСМ-мен ұйымдастырылған  республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысқан Орталық қызметкерлері туралы мәліметтер

  1. Медицина саласы бойынша республикалық, аймақтық басылымдарда қазақ тілінде ғылыми мақалалары жарық көрген, теле-, радио арналарында арнайы репортаж, сұхбат беріп, қазақ тілін жоғары дәрежеде қолданып, халыққа үлгі бола білген және қоғамның жаңғыруына септігін тигізіп жүрген тұлғаларға берілетін Даналық аталымы бойынша Қоғамның Басқарма төрағасы С.Қ. Ақшолақов марапатталды.
  2. Қазақ тіліне қосымша бірнеше тілді еркін меңгерген азаматтарға берілетін Талаптыға нұр жауар аталымы бойынша Орталықтың Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі                 Р.М. Қазтаева марапатталды.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК конкурс өткізілді. Конкурсқа тіл маманы Ж.Т. Абирова өзінің «Мағжанға арнау» атты өлеңімен қатысып 3-ші орынды иеленді. 
  4.  Педиатрия және Балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Денсаулық сақтау ұйымдарының арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты республикалық конкурсқа қатысып мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін  қызметкерлерімізге Алғыс жарияланды:


Кабакова Жазира Аманболқызы

Жакыпбекова Айнаш Асылбекқызы

Швабауэр Виктория Вячеславовна