Асыл мұра
ТІЛ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
Аталы сөзге арсыз ғана жауап қайырады.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің.
Сөзіңді сөйлей білмесең,
Жолыңды кесерсің.
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді.
Жүйелі сөз — жүйесін табар,
Жүйесіз сөз —иесін табар.
Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.
Тіл – қылыштан да өткір.
Сөз — бейнет болар,
Бөз — көйлек болар.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Тәрбие тілден басталады.
Басқа пәле тілден.
Бал тамған тілден у да тамар.
Малға кедей – жарлы,
Тілге кедей – сорлы.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар.
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.
Найзалассаң, найзалас,
Тіл найзаңмен түйреме.
Тіл найзаңа түйреп ап,
Олай-бұлай сүйреме.
Өлеңді қосылып айтқан жақсы,
Сөзді тосып айтқан жақсы.
ТІЛ ТУРАЛЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕР
«Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек.
Ахмет Байтұрсынов
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді
Ғабит Мүсірепов
«Біздің бүкіл тарихмыздан мен екі олжамызды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, -ата-бабаларымыздың өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз-сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі.
Нұрсұлтан Назарбаев
«Halyqtyń kemeline kelip órkendep ósýi úshin eń aldymen azattyq pen bilim qajet.»
Sh. Ýálıhanov
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.»
Ш. Уәлиханов
«Ǵylym adam sanasyna bolmysy bólek, erekshe utqyr uǵymdardy ornyqtyrý arqyly ǵana tereń uıalaıdy.»
Ál-Farabı
«Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.»
Әл-Фараби
«Ana tilin umytqan adam óz halqynyń ótkeninen de, bolashaǵynan da qol úzedi.»
Ǵ. Músirepov
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді..»
Ғ. Мүсірепов
«Тілде тұтас ұрпақтың ғасырлық еңбегі бар.»
В.И.Даль
«Көз – жанның айнасы, тіл – қоғамның айнасы.»
Жюль Ренар
"Тіл адамға ойын жасырып, сараптап айту үшін берілген болса, кей адамдарға оның қажеті де жоқ сияқты."
А.В.Абакумов
"Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды."
А.Б.Августин
"Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді."
Шыңғыс Айтматов
"Барлық заманда шешендік өнері мен тіл байлығы қатар өмір сүріп келеді".
А.П.Чехов
"Тілдің жүгенсіздігі өзіне балта боп тиеді. Қаншама адамды ренжітіп, сан мың адамның жүрегіне жара салады."
Әлішер Науаи
"Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет берер ғажайып кемел тіл.
Б. Момышұлы