Күндізгі стационар - емдеуге жатқызылмастан сапалы ем қабылдау мүмкіндігі
Біздің Орталықтың базасында күндізгі стационар жұмыс істейді - бұл дәрігердің тәулік бойғы бақылауы талап етілмейтін, бірақ тағайындалған процедураларды үй жағдайында қабылдау мүмкін болмайтын пациенттерге арналған емдеу. Күндізгі стационар - уақытын бағалайтын және денсаулығын күтетін жандарға арналған. Күндізгі стационардың палаталары сағат 8-00 –ден 18-00-ге дейін жұмыс істейді, сағат 19.00 -ден 07.00 –ге дейін пациент туыстарының түнгі уақытта қонуына арналған қызмет бар. Ем қабылдап жатқан барлық пациенттер дәрігер бақылауында болады. Біздің клиниканың күндізгі стационарындағы медициналық қызмет көлемі:
- медикаментозды терапия курсы: дәрілік заттарды тері астына, бұлшықетке, вена ішіне және вена ішіне тамшылатып енгізу, сонымен қатар таблеткадағы препараттарды іріктеу;
- физиотерапиялық процедуралар, массаж.