Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
+7 (7172) 62-11-96
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Инсульт, жарақат, операциялық араласулардан кейінгі кешенді оңалту

Инсульт, жарақат, операциялық араласулардан кейінгі кешенді оңалту

Біздің Орталығымыз нейрохирургиялық патологиялары бар науқастар үшін физикалық, психологиялық және әлеуметтік кешенді оңалту бағдарламаларын өткізеді. Нейрооңалту бөлімшенің штатына мультидисциплинарлық команда кіреді, бұл тәжірибелі дәрігерлер: невропатолог-реабилитологтар, логопедтер, психолог, ЕДШ дәрігері, инерефлексотерапевт, арнайы оқытылған орта және кіші медициналық персонал. Пациенттерге екі орындық палаталарда жайлы жағдайлар жасалған. Нейрооңалту бөлімшесі жұмысының ерекшелігі оның әрбір пациентті емдеудегі жеке тәсілдің оңалту бағдарламасында құрылуы мен орындалуы, жоғарғы біліктілік және персоналдың мейірімді қарым-қатынасы болып табылады.

БІЗ ЕМДЕЙМІЗ:

  • бассүйек - ми жарақаттарының зардаптары;
  • омыртқа және жұлын жарақаттарының зардаптары;
  • шеткі нерв жүйесінің жарақаттарының зардаптары;
  • нейрохирургиялық операциядан кейінгі жағдай.

ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ:

  • емдік денешынықтыру нұсқаушыларымен топ болып және жеке жаттығу;
  • механотерапия;
  • психологпен жүргізілетін сабақтар;
  • сенсорлық бөлмедегі сабақтар;
  • АРТ – терапия;
  • сөйлеу бұзылыстары бар пациенттермен логопедтің жұмыс жасауы;
  • инерефлексті терапия;
  • физиоемдеу (магнит-терапия, лазеротерапия, электростимуляция, гидромассаж, көпіршік бұлау, Шарко душы және т.б.);
  • массаж;
  • гидрокинезотерапия;
  • медикаментозды емдеу. 


тiзiмге қайтару