Омыртқа, жұлын, перифериялық нерв жүйесінің патологияларын нейрохирургиялық емдеу
Омыртқа, жұлын, перифериялық нерв жүйесінің патологияларын нейрохирургиялық емдеу
Біздің орталығымызда әлемнің жетекші клиникаларының деңгейінде жұлын және шеткі жүйке жүйесі, омыртқа патологиясы кезіндегі хирургиялық араласулардың барлық спектрі жүзеге асырылады. Барлық операциялар пациенттерді мүмкін болатын қауіптерден сақтандыруға мүмкіндік беретін АҚШ қазіргі заманғы жетекші өндірушілерінің операциялық микроскобын, эндоскопты, нейронавигациялық және интраоперациялық нейромониторинг жүйелерін, қазіргі заманғы реконструкциялаушы-тұрақтандырғыш жүйелерді қолдану арқылы жасалады.
БІЗ ЕМДЕЙМІЗ:
Омыртқаның және жұлынның ісіктері:
- сопақша миға өсуімен мойын-желкеге таралған ісіктер;
- жұлынның интра – және экстрамедуллярлық ісіктері;
- экстрадуральдық ісіктер (омыртқаның ісіктері), соның ішінде метастаздық;
- жоғарғы мойын омыртқалардың ісіктері бассүйек негізіне өсуімен сегізкөз ісіктері.
Омыртқаның дегенеративті ауруларының барлық түрлері:
- омыртқааралық дискілердің жарықтары;
- спондилолистез;
- омыртқа каналының стенозы;
- спондилоартроз;
- дегенеративті сколиоз;
- жұлын тұрақсыздығы.
Омыртқа және жұлын жарақаттарының зардаптары:
- омыртқаның күрделі және күрделі емес сынықтары.
Омыртқаның және жұлын дамуының кемістіктері:
- арнольд-Киари мальформациясы;
- сирингомиелия, сирингобульбия;
- диастематомиелия;
- сына тәріздес жартылай омыртқа және басқалар.
Перифериялық нервтер мен өрімдердің патологиясы:
- перифериялық нервтер мен өрімдердің ісіктері мен жарақаттары.
ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ:
- жұлын ісіктерін алып тастау бойынша микрохирургиялық технологиялар, соның ішінде мойын-желкеге таралған ісіктер патологиясы кезінде трансоральды және ретросигмоидты ену жолдары;
- ісіктер және жұлынның өзге де патологиялары кезінде артқы ену жолымен омыртқаның барлық сегментін бір сәтте түбімен алып тастаудың кіші инвазиялық әдісі;
- жұлын жарақаты, ісіктері, спондилолистез, сколиоз және басқа да патологиялар кезінде оның функциялық атқарымдарын қалпына келтірумен протездеу, коррекциялау, тұрақтандыру;
- транспедикулярлы фиксацияның пункциялық теріішілік жүйелері;
- ортаңғы кортикальды фиксацияның кіші инвазиялық жүйелері;
- трансартикулярлық бекіту жүйелері, соның ішінде мойын және мойын-желке аумақтарын;
- омыртқа функцияларын сақтау хирургиясы – полифункциялық дисклерді, тұрақтандырушы динамикалық жүйелерді орнату;
- эндоскопиялық және микроскопиялық дискэктомия – нүктелік тіліктер арқылы омыртқааралық жарық дискілерін аз жарақаттау жолымен алып тастау;
- перкутанты лазерлік нуклеопластика;
- фасеттік нервтердің радиожиілілікті денервациясы;
- вертебропластика – омыртқа ісіктері, сынықтары кезінде омыртқаны тұрақтандыру үшін пункциялық ине арқылы сүйек цементін тері арқылы енгізу;
- кифопластика – омыртқаның күрделі емес сынықтарында сынған омыртқаның ұзындығын баллонның көмегімен тері арқылы қалпына келтіру.