Мидың кең спектрлі ісіктерін нейрохирургиялық емдеу
Мидың кең спектрлі ісіктерін нейрохирургиялық емдеу
Біздің Орталығымыз мидың көптеген ісік түрлерін зерттеп, емдеуге мамандандырылған. Емдеу барысында аса күрделі кішіинвазиялық және жарақатсыз операция жасауға мүмкіндік беретін жоғарғы технологиялық нейрохирургиялық техника қолданылады. Орталықтың нейрохирургтары әлемдік стандарттар мен нұсқаулықтарды басшылыққа алып, Еуропа клиникаларындағы әріптестермен тығыз байланыс жасай отырып, тәжірибе алмасып, операция жасау барысын үнемі жетілдіріп отырады. Медициналық қызметкерлердің жоғарғы санаттылығы мен дәлдігі жоғары әрі жедел технологиялар күрделі ми ауытқушылықтарының сәтті емделуінің кепілі болып табылады.
БІЗ ЕМДЕЙМІЗ:
- мидың аталық және аналық ісіктерін;
- гипофиз аденомасын;
- мидың менингиомаларын, невриномаларын;
- ми дамуындағы ауытқушылықтарды;
- бассүйекішілік гематомаларды;
- ми кисталарын;
- әртүрлі этиологиядағы гидроцефалияны;
- мидың метастаздық зақымдануларын;
- мидың паразитарлық зақымдануларын.
ЕМДЕУ ӘДСТЕРІ:
- интраоперациялық нейромониторингті қолданумен мидағы және бассүйектегі ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау;
- мидың және бассүйектің көлемді ісіктерінің микрохирургиялық биопсиясы;
- нейронавигациялық жүйені қолданумен мидың және бассүйек ісіктерін эндоскопиялық жолмен алып тастау;
- рамалық стереотаксиялық хирургияны қолдану арқылы ми және бассүйек ісіктерінің эндоскопиялық биопсиясы;
- нейронавигациялық жүйені қолдана отырып, мұрын қуыстары арқылы гипофиз аденомасын алып тастау;
- ми ісігінің микрохирургиялық оталануы алдындағы рентгенэндоваскулярлы эмболизациясы;
- түрлі этиологиялы гидроцефалия жағдайындағы шунтталушы жүйе имплантациясы;
- түрлі этиологиялы гидроцефалия жағдайындағы эндоскопиялық вентрикулоцистерностомия;
- декомпрессиялық краниотомия;
- түрлі материалдармен краниопластика жасау.