Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы хабарландыру

Понедельник,  5  Май  2025

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы хабарландыру

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ (бұдан әрі- Қоғам) Қоғамның Комплаенс-офицерінің 2025 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жария талқылау жоспарлануда:

    1) Қоғамның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) Қоғамның ұйымдастырушылық басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2025 жылғы 16 мамырда «Астана» акт залында, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 34/1 мекенжайы бойынша өткізіледі. Қатысуға ниет білдіргендер 8/7172/621116, 87017183724 телефондары арқылы хабарласуына болады.

 


Возврат к списку