Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ғылым

        «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ашылғалы бері 7 ғылыми жоба орындалды, 10 патент алынды, жыл сайын Web of Science, Scopus беделді рецензияланған деректер базасына кіретін екі - үш әдістемелік ұсыным, монография, 10 - 14 мақала шығарылады, Қоғам қызметкерлері халықаралық конференцияларға үнемі қатысады.

       Қазіргі уақытта «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бірнеше ғылыми және ғылыми-эксперименттік зерттеулер жүргізуде:

1. «Қояндардағы қатты ми қабығының пластикасына ксеноішперденің жасушадан тыс матрицасын қолдану кезіндегі иммунологиялық реакцияны және патоморфологиялық өзгерістерді зерттеу»;

2. Жаңа нейротропты препаратты әзірлеу бойынша «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингімен бірлесіп клиникалық зерттеулер жүргізу;

3. Молекулярлық-цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкін жасау.

      2017-2019 жылдары Қоғам «Инновациялық технологияларды (клиникалық-эксперименттік зерттеу) қолдана отырып, нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттерді хирургиялық емдеуді жетілдіру бойынша ғылыми-негізделген ұсынысты әзірлеу және енгізу» бағыты бойынша зерттеу жұмыстарын сәтті орындаған «Созылмалы ауруларды емдеу нәтижелерін және функцияларын ауыр жоғалтумен және ауыр асқынулармен жарақаттардың салдарын жақсарту үшін жаңа медициналық технологиялар» ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асырылды.

      Бағдарламаны орындау барысында титан қорытпасынан жасалған ұнтақтарды лазерлік селективті балқытудың аддитивті технологиясын пайдаланатын өнеркәсіптік 3D принтерде 3D принтинг әдісімен басылған әрбір пациент үшін жеке омыртқа импланты әзірленді.

      Осылайша, Қоғамда 4 операциялық манипуляция сәтті жүзеге асырылды, оның нәтижесінде омыртқа денесінің ісігінен зардап шеккен жеке 3D имплантантты жалпы спондилэктомиядан кейін қажетті омыртқалы сегментке ауыстыру, манипуляция кезінде жұлынның анатомиялық және функционалды маңызды құрылымдарын ұстап тұру іске асырылды.

       2018 жылы Орталық дәрілік заттар айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика (GCP) талаптарына сәйкестікке сертификатталды және 2018 жылғы 25 қазанда тиісті сертификатқа ие болды.

      2019 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

     «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми орталығы» федералдық мемлекеттік автономды мекемесімен ғылым, білім және инновация саласында бірігіп белсенді қызмет жасайды, онымен 2019 жылы Стратегиялық серіктестік туралы шарт жасалды.