2009 жылғы шілденің 22 мен 24 аралығында Астана қаласында халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының 1 Съезі өткізілді. Съезд жұмысына Қазақстанмен қатар 14-елдің: Ресей және ТМД басқа да республикаларынан, Германия, Израиль, АҚШ, Щвейцария және басқа да мемлекеттерден ірі ғалымдар мен мамандар қатысты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда нейрохирургиялық қызмет дамуының халықаралық үрдісі байқалады. Осындай іс-шаралар халықаралық тәжірибе алмасу миссиясын орындайды, медицинаның одан арғы дамуына және қалыптасуына мұрындық бола білуі тарихи тұрғыдан өз орнын алды. Съезд бағдарламасы нейрохирургияның түгелдей дерлік барлық негізгі бағыттарын қамтыды. Пікірталастың негізігі тақырыптары нейроонкология, қантамырлы нейрохирургия, ауыр бассүйек-ми жарақаттары, жұлын және омыртқа аурулары, жарақаттары, перифериялық нерв жүйесінің хирургиясы, нейро- психофармакологиядан тұратын 70-тен аса баяндамадан құралды. Сонымен қатар биомедициналық әдеп, неврология мен психиатрияда қолданылатын дәрілік заттардың қауіпсіздігі, мидың жарақаттық және қантамырлық зақымданулары кезінде емдеудің тың тәсілдері жөніндегі сұрақтар талқыланды. Съезд аясында операция жасау бөлмесінен операцияларды, тренингтер мен шебер – кластарды көрсететін тікелей трансляциялар берілді. Үйретуші шебер-класты көрсетуге бірінші болып Германияның Ганновер қаласындағы «Нордштат» нейрохирургиялық клиникасының басшысы, профессор М.Гааб келді. Съез жұмысының үш күні бойы профессор Гааб бірегей эндоскопиялық операциялар жасады, содан кейін Съезге қатысушылар эндоскопиялық операция барысын муляждарда тәжірибе жүзінде жасап көрулеріне болады. Муляждармен жұмыс жасауға болатын осындай тренингтер – көптеген нейрохирургтар үшін операцияның орындалуы техникасымен танысудың, эндоскопиялық әдістердің бірнеше түрлерін игерудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Бұдан өзге, съезге қатысушылардың өзге елдегі әріптестерінің әдістемелері мен базистік нәтижелерін салыстыруға мүмкіндігі туындады. Нейрохирургияның қазіргі замандағы жетістіктері нейрохирургиялық ғылымдар мен тәжірибенің түрлі бағыттары бойынша жалпы ұстанымдарды үнемі қалыптастыруды және кең көлемде талқылауды талап етеді. Бүкіл дүниежүзілік ғылыми ұйымдардың шешімімен ми туралы ғылымның онжылдығы ретінде белгіленген өткен онжылдықта ғалымдар нейрохирургия саласында толағай табыстарға қол жеткізді. Биологиялық, биофизикалық, медициналық салалар нейрохирургияда кешенді нәтижелерді алуға бағытталды.
Қазақстан нейрохирургтарының бірінші съезі сияқты халықаралық ауқымдағы осындай іс-шаралар еліміздің тұрғындарына нейрохирургиялық көмек беруді жетілдіру мен дамытуға бағытталуы керек.