Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
+7 (7172) 62-11-96
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Жұмысқа орналастырудың мақсаты және міндеттері

Білім беру бөлімінің негізгі мақсаты - резидентура түлектерін жұмысқа орналастыру. Білім беру бөлімінің негізгі мақсаты – «нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы», «невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандықтары бойынша медициналық кадрларды үздіксіз дайындау концепциясын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдарымен «ҰНО»АҚ байланыстарды дамыту және нығайту бойынша жұмыстарды оңтайландыру. Білім беру бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

∙ Кәсіптік бағдарлау, мансапты жоспарлау, еңбекке орналасу сұрақтары туралы ақпараттандыру, консультация беру

∙ Эдвайзерлердің жұмысын ұйымдастыру

∙ «ҰНО»АҚ резидентура түлектерінің деректер базасын қалыптастыру

∙ Медициналық ұйымдардың мамандарға (дәрігер-нейрохирург, дәрігер-невропатолог) мұқтаждығының (бос орындар) деректер банкін қалыптастыру

∙ Резидентураның білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірге сараптау

∙ Мамандарды мақсатты дайындау саласындағы медициналық ұйымдармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнату

∙ Медициналық ұйымдар, кәсіпорындар үшін мақсатты түрде мамандарды дайындау

∙ Жұмыс берушілердің сауалнамаларын жүргізу, сауалнама нәтижелерін талдау, «ҰНО» АҚ резидентура түлектерінің басым және әлсіз тұстарын анықтау

∙ Әлеуетті жұмыс берушілерді тәжірибелік дағдыларды дамыту бойынша үйретуші тренингтер, шебер-кластар өткізуге жұмылдыру

∙ Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу

∙ Білім беру траекториясын ұстану