«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, «Ауыр бассүйек-ми жарақатын заманауи емдеу»  тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклін өткізу туралы хабарлайды.

     Оқу түрі мен мерзімі: 2019 жылғы 9-13 желтоқсан (9-11 желтоқсан –қашықтықтан, 12-13 желтоқсан –күндізгі Орталық базасында).

     Тыңдаушылар контингенті: нейрохирург, травматолог, хирург, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері.

      Оқу құны: 47000 (қырық жеті мың) теңге.

      Іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен.

     Қашықтықтан оқыту үшін тыңдаушының Интернетке шығатын компьютері және жұмыс істейтін жеке электрондық поштасы болуы қажет.

     Алдын ала тіркелу міндетті. Оқуға қабылдау үшін өтінімді орталықтың мекенжайына 2019 жылдың 6 желтоқсанынан кешіктірмей жіберу қажет.

       Қосымша ақпарат алу үшін Білім беру бөліміне 8(7172) 62-10-89, 62-11-47, e-mail: Dana.Kapenova@nmh.kz хабарласа аласыз.