Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

2018

 

2018 жылы шетелдік менторлардың қатысуымен ұйымдастырылған білім беру іс-шаралары

 

1)      2018 жылдың 9-шы маусымы мен 13-ші маусымы аралығында Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «В.А. Алмазов атындағы Солтүстік-Батыс федералды медициналық зерттеу орталығы» ФМБМ балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор, нейрохирург Вильям Арамович Хачатрянның қатысуымен "Ми қыртысындағы эпилепсияны хирургиялық емдеу" білім беру іс-шарасы өтті.

2)      2018 жылдың 04-ші маусымы мен 08-ші маусымы аралығында Әулие Янош клиникалық ауруханасының Будапешт қаласы, Венгрия бас нейрохирургы, ESSFN стереотаксиялық және функционалдық нейрохирургияның Еуропалық Ассоциациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Иштван Ваваликаның қатысуымен "Экстрапирамидалық аурулар кезіндегі мидың терең электростимуляциясы " білім беру іс-шарасы өтті.  

3) 2018 жылдың 9-шы маусымы мен 13-ші маусымы аралығында Медицина ғылымдарының докторы, профессор, И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург ҒЗИ МБҰ Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы жіті цереброваскулярлық патология және жедел неврология бөлімшесінің жетекшісі, ғылым және білім беру жұмысы бойынша директордың орынбасары Игорь Алексеевич Вознюктің қатысумен «Жедел ангионеврология: Инсульт» тақырыбында білім беру іс-шарасы өтті.   

4) 2018 жылдың 9-шы маусымы мен 13-ші маусымы аралығында И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург ҒЗИ Санкт-Петербург қаласы жедел медициналық жәрдем ОМП ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бөлімінің аға ғылыми қызметкері Татьяна Витальевна Харитонованың қатысуымен "Ишимиялық инсульт кезіндегі реперфузиялық терапия. Инсульттар кезіндегі логистика есебі" білім беру іс-шарасы өтті.

5) 2018 жылдың 22-ші қазаны мен 27-ші қазаны аралығында Сан-Франциско, Калифорния штаты, АҚШ, мейіргер ісі магистрі, басқарма директоры Феликс Левидің қатысуымен ««Клиенттерге қызмет көрсету сервисін ұйымдастыру және Менеджмент» білім беру іс-шарасы өтті.

6) 2018 жылдың 22-ші қазаны мен 30-шы қазаны аралығында академик П.П.АПавлов атындағы Бірінші Санкт-Перербург (Санкт-Петербург қ) ММУ медициналық оңалту және бейімделгіш денешынықтыру кафедрасының ассистенті, РФ реабилитологтары одағының және эрготерапевттердің Ресейлік ассоциациясының мүшесі Ольга Викторовна Камаеваның қатысуымен «Инсульт кезіндегі мейіргерлік күтім» білім беру іс-шарасы өтті.

7) 2018 жылдың 9-шы шілдесі мен 19-ші шілдесі аралығында м.ғ.д., «РТЖ» АҚ бас нейрохирургы, НУЗ ДКБ нейрохирургия орталығының жетекшісі, Иркутс ММУ нейрохирургия курсының меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру Иркутск ММУ травматология, ортопедия және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Иркутск РФ ғылыми хирургия және травматология орталығының нейрохирургия ғылыми-клиникалық бөлімінің жетекшісі Вадим Анатольевич Бывальцевтің қатысуымен "Омыртқаның бел бөлігінің патологиялары кезіндегі көп функционалды кейдж имплантациясы" білім беру іс-шарасы өтті.

 

8) 2018 жылғы 29 қазан мен 2 қараша аралығында м.ғ.д., «РТЖ» АҚ бас нейрохирургы, НУЗ ДКБ нейрохирургия орталығының жетекшісі, Иркутс ММУ нейрохирургия курсының меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру Иркутск ММУ травматология, ортопедия және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Иркутск РФ ғылыми хирургия және травматология орталығының нейрохирургия ғылыми-клиникалық бөлімінің жетекшісі Вадим Анатольевич Бывальцевтің қатысуымен "Омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық аурулары кезіндегі күрделі фиксациялау әдісі" білім беру іс-шарасы өтті.

 

 

9) 2018 жылғы қазанның 29-ы мен қарашаның 2-сі аралығында Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «В.А. Алмазов атындағы Солтүстік-Батыс федералды медициналық зерттеу орталығы» ФМБМ балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор, нейрохирург Вильям Арамович Хачатрянның қатысуымен "Балалардағы ми тінінің ісіктері" білім беру іс-шарасы өтті.