Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

2017

2017 жылы шетелдік менторлардың қатысуымен ұйымдастырылған білім беру іс-шаралары

2017 жылғы 29 мамыр-9 маусым аралығында «РТЖ» АҚ бас нейрохирургы, НУЗ ДКБ нейрохирургия орталығының жетекшісі, Иркутск ММУ нейрохирургия курсының меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру Иркутск ММУ травматология, ортопедия және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Иркутск РФ ғылыми хирургия және травматология орталығының нейрохирургия ғылыми-клиникалық бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор  Вадим Анатольевич Бывальцевтің қатысуымен " L5-S1 омыртқаларының патологиялары кезіндегі ішпердеге қатыссыз алдыңғы кіші инвазиялық ену жолдары " білім беру іс-шарасы өткізілді.  

image002.jpg

2017 жылғы маусымның 5-9 аралығында Белгород қаласы,Ресей Федерациясының «Әулие Иосаф облыстық клиникалық ауруханасы» бас дәрігерінің кардиохирургиялық көмек жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Игорь Борисович Коваленконың қатысуымен «Жіті кезеңдегі  инсультты хирургиялық емдеу» білім беру іс-шарасы өткізілді.

image004.jpg

2017 жылғы маусымның 17-21 аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор, И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург ҒЗИ МБҰ Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы  жіті цереброваскулярлық патология және жедел неврология бөлімшесінің жетекшісі, ғылым және білім беру жұмысы бойынша директордың орынбасары Игорь Алексеевич Вознюктің қатысумен «Жедел ангионеврология: Инсульт» тақырыбында білім беру іс-шарасы өткізілді.

Сонымен қатар білім беру іс-шарасы аясында И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург ҒЗИ Санкт-Петербург қаласы жедел медициналық жәрдем ОМП ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бөлімінің аға ғылыми қызметкері Татьяна Витальевна Харитонова да қатысты.

image006.jpg 

2017 жылғы тамыздың 10-16 аралығында  Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «В.А. Алмазов атындағы Солтүстік-Батыс федералды медициналық зерттеу орталығы» ФМБМ балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор, нейрохирург Вильям Арамович Хачатрянның қатысуымен "Балалардағы эпилепсияны кортикальды электродтарды қолданумен хирургиялық емдеу" білім беру іс-шарасы өткізілді.  

image008.jpg 

2017 жылғы қыркүйектің 18-22 аралығында  Жапония, Фукуй қаласы Фукуй университетінің медициналық ғылымдар факультетінің сенсорлық және тірек-қимыл медицинасы кафедрасының нейрохирургия бөлімшесінің жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Кикута Кеничироның қатысуымен "ICG (жасыл индоцианин) көмегімен флуоресцентті ангиографияны қолданумен мидың қантамыр ауруларының микрохирургиясы " білім беру іс-шарасы өткізілді.  

image010.jpg

2017 жылғы қазанның 05-11 аралығында  академик П.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Перербург (Санкт-Петербург қ.) ММУ медициналық оңалту және бейімдеуші денешынықтыру кафедрасының ассистенті, РФ реабилитологтары одағының және эрготерапевттердің Ресейлік ассоциациясының мүшесі Ольга Викторовна Камаеваның қатысуымен «Инсульт кезінде пациенттерге күтім жасау» білім беру іс-шарасы өткізілді.    

image012.jpg 

2017 жылғы қазанның 23-27 аралығында  Мәскеу қаласы, Ресей Федерация сының Денсаулық сақтау министрлігі «Ресей балалар клиникалық ауруханасы» ФГБУ патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-патологоанатом, медицина ғылымдарының кандидаты Дмитрий Рогожиннің қатысуымен «Сүйек тінінің ісік және ісікке ұқсас үдерістерін патоморфологиялық және иммуногистохимиялық зерттеу» білім беру іс-шарасы өткізілді.    

image013.jpg