Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

2016

2016 жылы шетелдік менторлардың қатысуымен ұйымдастырылған білім беру іс-шаралары:

 

2016 жылғы қыркүйектің 19-23 аралығында Сорока Медициналық университетінің кішіинвазиялық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина докторы Melamed Israel (Беэр-Шева қаласы, Израиль) қатысуымен «Заманауи нейрохирургиядағы көзбен шолу 3D технологиялары (эндоскопия және микроскопия)» білім беру іс-шарасы өткізілді.

 

http://www.neuroclinic.kz/Melamed.JPG

2016 жылғы қыркүйектің 19-23 аралығында Шеба Медициналық орталығының сәулелі хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина докторы Spiegelmann Roberto (Тель-Хашомер қаласы, Израиль) қатысуымен «Үштармақты невралгия кезіндегі баллон-компрессия» білім беру іс-шарасы өткізілді.

 

 

http://www.neuroclinic.kz/spiegelmann.JPG

 

2016 жылғы қыркүйектің 26-30 аралығында Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Урал мемлекеттік медицина университетінің медициналық апаттар кафедрасының меңгерушісі, Ауруды емдеу орталығының директоры, нерв жүйесі ауруларын және ауырсындыру синдромдарын емдеуде тін ішін электрмен стимуляциялау әдісін әзірлеуші, медицина ғылымдарының докторы, профессор Герасимов Андрей Алексендровичтің (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы) қатысуымен «Омыртқаның, перифериялық нервтердің қалпына келуші буындарының ауырсыну синдромдарын емдеу» білім беру іс-шарасы өткізілді.

http://www.neuroclinic.kz/%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%81%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%B2.JPG

 

2016 жылғы қазанның 17-21 аралығында Жедел балалар хирургиясы және травматологиясы ҒЗИ анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Амчеславский Валерий Генриховичтің (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) қатысуымен «Инсульт кезіндегі нейрореанимация» білім беру іс-шарасы өткізілді.

 

 

http://www.neuroclinic.kz/%D0%90%D0%BC%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9.JPG

 

2016 жылғы қазанның 23-28 аралығында академик Н.Н.Бурденко атындағы РМҒА Нейрохирургия ҒЗИ ФГАУ Клиникалық нейрофизиология зертханасының аға ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты, функциональды диагностика дәрігері – нейрофизиолог Огурцова Анна Анатольевнаның (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) қатысуымен «Мидың функциялық маңызды аумақтарын картаға түсірумен естің сақталуы кезіндегі краниотомия» білім беру іс-шарасы өткізілді.