Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Білім

«ҰНО» АҚ Білім беру бөлімі 2008 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасап келеді және ҚР денсауық сақтау жүйесіне жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, олардың жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жасап келеді. Білім бөлімінде жаңа медициналық технология мен ғылыми жетістіктердің қарқынды дамуына орай оқу әдістемелік құжаттарын үнемі жаңартып отыру мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Басты назар диагностиканың жаңа әрі күрделі түрлерін меңгеруге, қазіргі аппаратура мен инструментариледі қолдану мен соңғы медициналық жетістіктерді игеріп отыруға аударылады. Компьютерлік бақылау мен оқыту енгізілген, оқытудың техникалық жабдықтары, тақырыптық көркем, бейнефильмдер, операциялық блоктарда өткен операциялардың бейнетрансляциялары көрсетіледі. Оқыту кәсіби тәжірибелік сабақтарда мен өндірістік тәжірибеде дағдыны меңгеруге бағытталған. Алыс-жақын шетелдерден жетекші мамандар шақырылып, шеберлік сабақтары берілді.


Білім беру бөлімінің негізгі функциялары:

- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі мамандарының үздіксіз кәсіби дамуын (біліктілігін арттыру және қайта даярлау) ұйымдастыру;

- оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау және бақылау;

- мастер-кластар мен Қоғамда тәлімгерлік институтын жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында халықаралық клиникалармен, білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу;

- академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша республиканың, жақын және алыс шетелдердің медициналық білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу;

- резидентура бағдарламасына дайындық жұмыстары;

- Қоғамның профиліне және пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапханалық-ақпараттық ресурстарды, құжаттардың кітапхана қорын қалыптастыру.


Білім беру қызметтері:

1) үздіксіз білім беру бағдарламалары:

- үздіксіз білім беру циклдары (соның ішінде қашықтықтан оқыту),

- қайта даярлау,

- жұмыс орнында тағылымдамадан өту,

- мастер-кластар, семинарлар, тренингтер, соның ішінде көшпелі сабақтар.

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары:

- «Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша резидентура (4 жыл)

- «Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы» мамандығы бойынша резидентура (2 жыл)

Оқуды бітіргеннен кейін тиісті растайтын құжаттар беріледі.


Бөлімнің байланыс телефондары:

Аты-жөні

Лауазымы

Телефон

e-mail

Консультациялар беру кестесі

Кульмирзаева Дарияна Муратовна

Бөлім бастығы

8 (7172) 62-11-02

dariyana.kulmirzaeva@ncn.kz 

Күнделікті 09.00-ден 18.00-ге дейін

Кабакова Жазира Аманболовна

Бас маман

8 (7172) 62-10-89

jazira.kabakova@ncn.kz

Күнделікті 09.00-ден 18.00-ге дейін

Камалова Зульфия Хасеновна

Жетекші маман

8 (7172) 62-10-90

Zulfiya.Kamalova@ncn.kz 

Күнделікті 09.00-ден 18.00-ге дейін

Капенова Дана Толегеновна

Жетекші маман

8 (7172) 62-11-47

dana.kapenova@ncn.kz

Күнделікті 09.00-ден 18.00-ге дейін