Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қызметкер туралы ақпарат

Рыскельдиев Нуржан Амирбекович

Рыскельдиев Нуржан

Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург дәрігері

Бөлім


ОЖЖ патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі."Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ профессоры. «Нейрохирургия» мамандығы бойынша аспирантураны біірген. ҚР ЖАК медицина ғылымдарының кандидаты (2004 ж.). Жоғары санатты нейрохирург дәрігер. Беер-Шева қаласындағы «Сорока» Университет клиникасының (Израиль), Мәскеу қаласындағы Н.Н. Бурденко атындағы ҒЗИИ бөлімшесінде (Ресей), Стамбул қаласында (Түкия) нейрохирургия клиникасында тағылымдамадан өтті. Бассүйек негізі және хиазмальды-селлярлық аймақ ісіктерінің эндоскопиялық хирургиясы, миішілік ісіктердің, менингиомалардың, көпір-мишық бұрышы ісіктерінің және краниофасциальды ісіктердің микрохирургиясы бойынша маман. Мидағы, бассүйек негізіндегі алып ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау бойынша ең күрделі операцияларды жасайды. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2010ж.). «ҰНО» АҚ «2009 жылғы үздік дәрігері» иегері. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. 2017 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 30-дан аса басылымдардың авторы. 2 патенті бар.