Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
+7 (7172) 62-11-96
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қызметкер туралы ақпарат

Керимбаев Талгат Тынышбаевич

Керимбаев Талгат

Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург дәрігері

Бөлім


Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты нейрохирург дәрігері, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ профессоры, медицина ғылымдарының докторы. 1996 жылы жылы АДБЖИ нейрохирургия кафедрасында клиникалық ординатураны және 1999 жылы аспирантураны бітірді. 1999 жылы омыртқа мен жұлын жарақатын хирургиялық емдеу проблемалары бойынша кандидаттық диссертацияны, 2009 жылы «Омыртқа патологияларын кішіинвазивті хирургиялық емдеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Жұлын нейрохирургиясының өзекті сұрақтары бойынша Израиль, Германия, Австрия, Швейцария, Ресейдің университеттік клиникалары мен медициналық орталықтарында тағылымдамадан өтті. 70-тен аса ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 6 өнертабысқа патенті бар. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. 2016 жылы "Ерен еңбегі үшiн" және Денсаулық сақтау ісінің үздігі медалдерімен марапатталған.