Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қызметкер туралы ақпарат

Калиев Асылбек Бактбекович

Калиев Асылбек

Тамырлы және функционалды нейрохиругия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері

Бөлім


Тамырлы және функционалды нейрохиругия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері. PhD докторы, жоғары санатты нейрохирург дәрігер. 2008 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2009 жылдары «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2009-2013 жылдары «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ базасында «Нейрохирургия» мамандығы бойынша резидентураны бітірді. 2014 жылы «Ангиохирургия, рентгенхирургия» мамандығы бойынша қайта даярлау. 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алды. АҚШ, Голландия, Финляндия, Франция, Литва, Қытайдың жетекші клиникаларында нейрохирургияның өзекті мәселелері бойынша оқытудан және тағылымдамадан өтті. Қызметтің негізгі бағыттары: бас және жұлын тамырларының патологиясын эндоваскулярлық және микрохирургиялық емдеу. Өнертабысқа 1 патенттің, 30- дан астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде импакт-факторлы халықаралық журналдарда басылымдары бар.