Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қызметкер туралы ақпарат

Сыздыкова Бизада Сарсенбаевна

Сыздыкова Бизада

Трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер трансфузиолог

Бөлім


Сыздықова Бизада Сарсенбайқызы - трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер трансфузиолог. Жалпы еңбек өтілі - 14 жыл. Бірінші біліктілік санаты бар. 2003 жылы Астана қаласы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтады, 2005 жылы «Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты» жанында трансфузиология бойынша, 2011 жылы Ресей Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ГОУ ВКО УГМА «Клиникалық трансфузиология", 2012 жылы «Астана медициналық университеті» АҚ «Клиникалық зертханалық диагностика» және т.б. маманданудан өтті. Технологияларды енгізу акілеріне ие: бассүйек негізі және мидың эндоскопиялық трансназальды трансфеноидальды хирургиясындағы фибрин желімі, реципиенттерді иммуногематологиялық зерттеулердегі микротиптеуші гель технологиясы, нейрохирургиялық араласулар кезіндегі эритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясы. Қан компоненттерін қауіпсіз қолдану мен құю саясатын және ережесін әзірледі. Клиникалық трансфузиология саласындағы қызметтің негізгі бағыттары: нейрохирургиядағы сапалы және қауіпсіз трансфузиялық терапияны ұйымдастыру және көрсету, микроколондық әдіспен иммуногематологиялық зерттеулер, IH-Com және Ortho BioVue технологиялар; қан сақтау технологиялары саласында: нейрохирургиялық араласулар кезіндегі эритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясы, C.A.T.S. жүйесі, TEG 5000 аппаратында гемостазға (тромбоэластография) интегральды бағалау жүргізу.