Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қызметкер туралы ақпарат

Абишева Айнұр  Каирбекқызы

Абишева Айнұр

Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің дәрігер – физиотерапеві

Бөлім


Абишева Айнұр Каирбекқызы – Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің дәрігер – физиотерапеві. Жалпы тәжірибелік еңбек өтілі - 17 жыл. Бірінші біліктілік санаты бар. 1996 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша аяқтаған, дәрігер педиатр біліктілілігі берілді. 2013 жылы Астана медицина университетінде «Медициналық реабилитология» мамандығы бойынша бастапқы мамандандырудан өтті, медициналық реабилитолог біліктілігі берілді. Нейрохирургия, Қазақстан СӨС журналдарында мақалалары жарияланды. Сонымен қатар, Республикалық шебер-класстардың қатысушысы. Негізгі қызмет бағыттары: омыртқа остеохондрозы (жарықтар, протрузиялар), омыртқа мен ми жарақаттарының зардаптары, нейрохирургиялық операциялардан кейінгі қалпына келтіру емі, жүйке жүйесінің жіті және созылмалы аурулары (дисциркуляторлық энцефалопатия, өткерген инсульт зардаптары), вегето – тамырлық дистония, нерв жүйесінің дегенеративті және тұқым қуалайтын аурулары (Паркинсон ауруы және басқа да), перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (жіті және созылмалы полиневропатиялар, невралгиялар, невриттер, невропотиялар, туннель синдромдары, остеохондроздың неврологиялық көріністері).