Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Қызметкер туралы ақпарат

Дүйсембаев Серік Рәшідұлы

Дүйсембаев Серік

Тамырлы және функционалды нейрохиругия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері

Бөлім


Дюсембаев Серик Рашидович – Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігер – нейрохирургі. Жалпы тәжірибелік еңбек өтілі - 6 жыл. 2010 жылы Семей қаласының медициналық академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді, дәрігер біліктілігі берілді. 2011-2012 жылдары хирургия мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. 2012 жылы «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ «нейрохирургия» мамандығы бойынша бастапқы маманданудан өтті. 2016 жылы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «нейрохирургия» мамандығы бойынша резидентураны аяқтады. 2017 жылы Фукия қаласында (Жапония) оқуда болды. «ICG қолданумен тамырлық патологиялар микрохирургиясы». Негізгі қызмет бағыттары: тамырлы және функционалды нейрохирургия – ми қантамырларының аневризмалары, мидағы және жұлындағы артерия-веналық мальформациялар, мидың каверналық ангиомасы, бас және мойын стеноздары, окклюзиялары, невралгия.