Жұмабаева Алтын Зурашқызы

Жұмабаева Алтын Зурашқызы
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Мейіргер ісі жөніндегі директоры, орта және кіші медициналық персонал жұмысын үйлестіреді, қызметіне бақылау жасайды. 2018 жылы мемлекеттік сыйлық "Шапағат" медалімен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Целиноград теміржол медициналық училищесін мейіргер ісі мамандығы бойынша аяқтады (1982-1985 ж.ж.),«Эмили» мейіргерлік іс институтын мейіргер ісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірді. 2019 жылы Халықаралық экономикалық институтын "Master of Business Administration (MBA)" бағдарламасы бойынша "Management in Pablic Health" (денсаулық сақтаудағы менеджмент)" мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдары «ҰҒМО» РМК қабылдау бөлімшесінде аға мейіргер, «РНХҒО» АҚ бас мейіргері болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап осы уақытта «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Мейіргер ісі жөніндегі директоры қызметінде.