ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕР

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 162 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 416 бұйрығымен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 100% акциясы республикалық меншікке берілді. 

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілді (2017 жылғы 25 қаңтардағы № 5 қабылдау-тапсыру акті).