Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (WhatsApp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Пікірлер


Ахмедиева Бақыт, Қарағанды қаласы.

    Жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына – дауа, тәніне – шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ халатты абзал жандар – бүгінгі күннің нағыз қаһармандары!
   Тоқтаған жүректерді қайта соққызып, үзілген үміттерді жалғайтын дәрігерлердің ерен еңбегі еш ұмытылмақ емес. Осындай ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын аямаған дәрігерлер – Ұлттық нейрохирургия орталығының Ақшолақов Серік Қуандықұлы басқарған ұжымына, атап айқанда «Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің» меңгерушісі, нейрохирург дәрігері Керімбаев Талғат Тынышбаевичке, бөлімшенің дәрігері Ошаев Мейіржан Сакеновичке, «Нейрооңалту бөлімшесінің» невропатолог дәрігері Имангожаева Асем Толеубековнаға, Орталықтың аға медбикесі Буранбаева Мейрамгүлге және медбикелер Бабаеваға
Фото профиля akhmedievabakhyt

   Мадинаға, Аруова Ақмаралға, Балқаш Арайлымға, Елшібек Әсемге, Газизова Назираға, сондай-ақ Орталықтың сауықтыру-дене шынықтыру кешенінің нұсқаушысы Алкен Амирханға зор алғысымды білдіремін. Сонымен қоса, Орталықтың барлық санитарларына рахмет айтамын.
Ағымдағы жылдың 18 мамыр мен 9 маусым аралығында Орталыққа жатқызылып, омыртқамның мойын бөлігіне ота жасалған болатын. Менің құлан таза айығып, аяғыма тік тұруыма жоғарыда аталған медицина қызметкерлерінің еңбегі зор болды.
   Әуелі Алланың қалауымен, содан соң сіздердің шипалы алақандарыңыздың арқасында бүгінде менің денсаулығым біртіндеп қалпына келуде. Сол үшін, ардақты ақ халатты абзал жандар, Сіздерге асқақ абырой, биік бедел, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіздің ақталуын тілей отырып, халықтың алғысын арқалаумен кәсіби тұрғыда биік шыңдарды бағындыруларыңызға, денсаулықтарыңыз мықты болып, күш-қуаттарыңыздың арта түсуіне тілек білдіремін.

   Құрметпен, пациент Ахмедиева Бақыт.
   Қарағанды қаласы.



Nurbakyt_77@mail.ru, Өскемен қаласы

  2021 жылдың мамыр айында осы орталықта апайыма операция квота арқылы жасалды. Диагноз аневризма сосудов. Стенд койылды және артық су алынды. Операциядан кейін апайымның денсаулығы қалпына келді. Врач Дуйсенбаев Серік Рашидовичке ағысымыз шексіз. Жас болса да деңгейі жоғарғы маман. Уақыт тауып әрбір жасалатын процедураларды түсіндіріп отырды. Жұмысыңыз алға бассын. Қуанышымызда шек жоқ. Медбикелер мен санитарлар да өз жұмысын өте жақсы атқарадыде. Мемлекетімізде осындай орталық болғаны қандай жақсы. Жұмыс жасап жатқан мамандардың қызметі көңілге толады. Бәрі тез, нәтижелі жұмыс жасап жатыр.Рахмет!!!

Nurbakyt_77@mail.ru, Өскемен қаласы



Орал-Қосай Байсеңгір (Астана-Ақтөбе)

АДАМҒА АЛҒЫС АЙТУ—АЛЛАҒА АЛҒЫС АЙТУ!

"Абзал жандар ақ халатты— періштелер ақ қанатты" деуге толық қақым бар.
Тоғыз жылдан бері әбден мазамды алған дертіме бір Алладан шипа сұрап, Еліміздің астанасындағы "Ұлттық нейрохирургия орталығына» келдім.
Ең алдымен осы орталықтың басшысы,
медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері». «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, бір сөзбен айтқанда ұлтымыздың бағына туған, аты аңызға айналған, нар тұлға Серік Қуандықұлы Ақшолақов ағамызға бас иіп, күллі ұжымға шексіз алғысымды білдіргім келеді.
"Ұлттық" деген мәртебесі бар ұжым дәл осындай болу керек деп ойлаймын. Мұндағы әрбір қызметкер өз ісіне шын берілген, халыққа адал қызмет ететін сайдың тасындай іріктелген сүйкімді жандар екен. Орталықтың есігін ашқаннан сәлемдесуден бастап, әр адамның көңілін тауып тұратын елгезек жандардың көп екенін көріп таң қалдым. Ертерек барып орналасқаннан соң, кең дәліздегі дәрігерлердің суреттерін көріп,олар туралы мәліметтерді оқып толқып келген көңіліме үлкен сенім орнады. Яғни "театр- киім ілгіштен басталады" дегендей, келген адамның жанын жадырататын кең де, жарық фойеде нақты ақпараттардың ілініп тұруы да адамға ерекше әсер етеді екен. Қызметкерлер дің нұсқауымен дәрігерлердің қабылдауында болып, арнайы анализдерімді жинақтап тапсырдым. Әу баста айтқанымдай талай емшіге, талай тәуіпке, шығыс медицинасымен ине салатындарға барып, еш нәтижесін көрмеген, мен секілді жігері мұқалған жанның үмітін оята білген орталықтың әр қызметкеріне рахмет айтамын. Сонымен, "дүйсенбі күні дәрігерлер ақылдасып, қашан ота жасайтынын айтады" деген сөзді естігелі әбден мазам кете бастады. Түкке де тұрмайтын "понедельник тяжелый день" деген сөз де еске түсе береді. Ол сөзге іштегі ойым "дүйсенбі ең керемет күн, ол күні адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммед (сғс) дүниеге келген" деп өз қарсылығын білдіріп, жаныма жігер береді. Ақыры, "уәделі күн" келіп жетті. Білікті дәрігерлер кеңесе келе сейсенбі күні жасайтын болыпты.
Біздің батыс өңірінде кей адамдардың "күн тергейтіні" бар еді. Олар тіпті дүйсенбі мен сейсенбі де іс бастамақ тұрмақ, ас үйдегі ұн қапшықтың да аузын ашпайтын. Өз басым ондайға "құдайдың барлық күні де құтты" деп әу бастан-ақ сенбеуші едім. Сондықтан тек қана ойымды жақсылыққа бұрып, ниет ете бастадым.
Бұл жерге емделуге келген адамдар дәлізде кездесе қалса да бір-біріне ақ тілегін жаудырып жатады.
Айналаңның бәрі тілекшілерге толып тұрғанын көргенде өзіңе ғана емес, баршаға да шипасын бергей дейсің. Бір-бірін ота жасауға аяушылық сезіммен шығарып сап және аман-сау шыққанына балаша қуанып, күтіп алып, жүріп-тұруына жәрдемдесіп жатады.
Бұл емханадағы күнделікті өмірдің көріністері.
Бар адамның тілегі бір болғанда, қиындыққа мойымай бір анадан туғандай боп бірігіп кетеді екен.
Менде "Иә, құдайым, әр істік сәтін салғай" деп 16 ақпан күні, таңғы 4 те тұрып, әбден дайындалдым. Сағат 7.40 та мені медициналық керуетке жатқызып, ота жасалатын бөлмеге апарып тапсырған мейіргер Кәмшат Сағынай: "аға, қорықпаңыз. Өзіміз кеп, қайта алып кетеміз" деп жігерлі сөз айтқанда менде іштей "әумин, әумин" дей бердім. Ота жасайтын жер самаладай жарық, үлкен бөлме екен. Мұндағы қызметкерлер де жағдайымды сұрап, асты-үстіме түсіп, өбектеп жатыр. "Не деген кішіпейіл жандар" деп жатырмын. Қойылған диагноз "клоникалық гемифатциалды спазм". Естуімше бұл оңай жасалатын шаруа емес.
Бір мейіргер маған естірте "ота жасаушы Ербол Тарғынұлын жұрт 'нағыз ювелир" деп тегін айтпайды ғой" деді зор мақтанышпен. Ол сөзге менде иландым. "Отаның сәтті өтуіне ауру адамның көңіл-күйі де әсер ететінін білетін әрбір дәрігер, әуелі сөзбен емдейді екен ғой" деп бар ынта-ықыласыммен "бәрі де жақсы болады" деп іштей қайталап жатып, анестезиолог келгеннен кейін, көп ұзамай-ақ "аппақ бұлттардың арасымен көкке көтеріліп кете бардым"...
Содан кейінгі тағдырым әуелі Жаратқан Иемнің, содан соң аман қалуыма себепкер, ақ халатты абзал жан МАХАМБЕТОВ ЕРБОЛ ТАРҒЫНҰЛЫНЫҢ алтын қолында болған екен.
"Ғажайып түстен" оянған соң ауырсынуды сезіне бастадым. Сол сәтте Ербол Тарғынұлы қасыма кеп "күрделі ота болды, тым ұзаққа созылды. Бірақ, шүкір ота сәтті, жақсы шықты. Өзімде күрделі әрі қауіпті екенін біле тұра, амалсыздан тәуекелге бардым" деп күрсінгенде, мендегі бар ауыртпалықты көтеріп алған азаматқа қалай алғыс айтарымды білмей, көмейіме ащы өксік тығылды. Ол маған қарап мейіріммен "сіз еш уайымдамаңыз, әлі-ақ жақсы боп кетесіз" деп жігер бере қоштасып шығып бара жатты...
Жан сақтау бөлімінен өз бөлмеме орналасқан соң емдеуші- дәрігерім Бауыржан Қонақбаев қайта-қайта жағдайымды сұрап, жан жылытар сөздер айтып, қай кезде де қасымнан табылды.
Әр уақытта көңіл бөлген жақсы жандардың қатарында Асылбек Қалиев, Мұратбек Тілеубергенов сынды білікті дәрігер азаматтарға да алғысым шексіз.
Бізді әрбір күні кезекшілікте бір-бірінен қабылдап ап, жаңа туған сәбидей мәпелеп, ауруымыздан айығуымызға зор әсер еткен
аға мейіргер Фарида Қасымова бастаған мейіргерлер: Жазира Асанова, Айгүл Иманбаева, Анастасия Шереметьева, Анар Омарова, Камшат Сағынай, Гүлнар Абдраманова сынды қарындас- замандастарыма және бөлмелерді мұнтаздай таза ұстап, санитарлық қызмет көрсеткен Феруза Жылқыбаева, Зәуреш Сейітова, Татьяна Канашаевич, Назира Нұралиева, Балнұр Сатқанбай, Арайлым Қаратаеваларға еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер деймін.
Ал, енді "ас адамның арқауы" деген бес мезгіл дәмді тағамдарымен бойымызға қуат, нәр берген Жабаева Эльмира мен Куценко Еленаға ыстық ілтипатымды білдіремін.
Алланың қалауымен алақандарында аялаған абзал жандардың арқасында отбасыма оралғалы отырмын. "Адамға алғыс айту — Аллаға алғыс айту" деген. Бүгін маған ота жасаған Ұлттық нейрохирургия орталығының тамырлы және функциональды нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор "Құрмет" орденінің иегері, жоғары санатты нейрохирург Ербол Тарғынұлы Махамбетовтің 49 (мүшел) жасы екен.
Ақ тілегім қабыл болып, жан-жағыңызды қоршаған жақсы адамдармен халықтың алғысына бөленіп, мерейіңіз тасып, бақ-беделіңіз асып, ұрпағыңызбен мың жасаңыз!
Осы орталыққа келуіме жөн сілтеген Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Рүстем Исаевқа және нейрохирург Ержан Узгановқа зор ризашылығымды білдіремін. Көмегін аямаған әлемдік мега жұлдыз Димаш Құдайбергеннің ата-анасына және барша тілеулестеріме бар жақсылықты тілеймін!
Бұл дүние жақсы- жайсаңдармен көрікті. Әр ауырған жанға шипа қонғай, алдынан жақсы адамдар жолыққай.

Құрметпен,
Орал-Қосай Байсеңгір.
22.02.2021 жыл. Астана-Ақтөбе.



Мухамбетова.А.Т. (Батыс Қазақстан Облысы)

Сәлеметсіздер ме?
Мен осы "Нейрохирургиялық орталықтағы" өзімнің емдеуші дәрігерім Курманахунов Айдос Құрмашұлына, бөлім басшысы Рыскельдиев Нұржан Амирбекович, дәрігер резидент Сапаргали Ж.Ж және де барша бөлімінің дәрігерлеріне , мейірбикелерге, кіші қызметкерлерге, аспазшыларға барлығына да үлкен алғысымды білдіргім келіп отыр. Маған 2020 жылдың 29 желтоқсанында ота жасалған болатын. Және де " Отадан кейінгі оңалту орталығының " барша жылы жүректі қызметкелеріне алғыс білдіремін! Дәрігерім Айдос Құрмашұлы - өз саласының үздігі! Жұмысындағы білгірлігімен қатар, пациентінің көңілі тауып, әрбір кісіге кішіпейілдік танытып, науқаспен бірге жақсы қарым-қатынас орната біледі! (Мухамбетова.А.Т. БҚО)



Абдулла Әдемі-айдың анасы - Жусупова Сұлушаш

Есімім Жусупова Сұлушаш, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан қызым Әдемі-аймен осы Орталықтың Балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне 26-шы тамызда келіп түстік.
Былтыр кызыма осы Орталықта бассүйек шұңқырындағы ісікті алып тастау отасы жасалды. Биыл осы Орталыққа кайтадан екінші отаға келдік. Ота сәтті өтті, қызымның жағдайы жақсы. Бір жыл бұрын жүрмейтін еді, басын да көтермейтін еді. Қазір жағдайы күнен-күнге жақсарып келеді, 8-ші қыркүйек күні осы Орталықта жасымыз 2-ге толды. Әдемі-ай тфай-тфай, аяғын тәй-тәй басып жүре бастады. Бірінші Аллаға, содан кейін Орталықтың дәрігерлеріне айтар алғысым шексіз. Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Өленбай Ғабит Ілиясұлына, емдеушы дәрігеріміз Сурдин Дмитрий Андреевичке және басқа да дәрігерлер мен мейіргерлерге шын жүректен аналық алгысымды білдеремін. Еңбектеріңіз өрге бассын, ел алғысына бөленіп жүре беріңіздер, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Құрметпен, Абдулла Әдемі-айдың анасы - Жусупова Сұлушаш.
15.09.2020 ж.



Биғайша Ашиковтер отбасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауылы

Биғайша Ашиковтер отбасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауылы

Қайырлы күн Отандастар . Осы парақша арқылы өз отбасымыздың атынан баршаңызды Жаңа 2019 Жылмен құттықтай келе; Астана қаласындағы Ұлттық Нейрохирургия Орталығының ұжымына әсіресе Медицина ғылымдарының докторы Академик Серік Қуандықұлы Ақшолақовқа Поляк Халық Республикасынан келіп ота жасаған Варшавалық нейрохирург профессор К Немчикке емдеуші дәрігер Тлеубергенов Мұратбекке шексіз алғыс айтып ризашылығымызды білдіреміз. 2019 жылдың 10 желтоқсан күні қызымыз Лилияға ота жасалған кезде қатты уайымдаған едік ота білікті мамандардың арқасында сәтті өтіп кәзір қызымыз Лилия елге келіп отбасымен-ұл қыздарымен қауышты Нейрохирургия ұжымына халықтың денсаулығын сақтауда биіктен көріне беріңіздер.» Алтын қолдарыңызға» дерт бермесін Алланың шапағатына бөленіңіздер Ізгі тілекпен. Тілектес Биғайша Ашиковтер отбасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауылы



О. Камелқызы
отзыв2.jpgотзыв3.jpg

Көпбаева Гүлбаршын Шаменқызы
отзыв.jpg

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Баймурзаева Феруза Мухамбеталлиевна.

Тамырлы Нейрохирургия бөлімі қызыметкерлеріне
Мен Баймурзаева Феруза Мухамбеталлиевна, 2010 жылдан бері осы ауруханаға келіп операция жасатып жүрмін. Дәрігерлердің бәріне алғысым шексіз, Махамбетов Ербол Тарғынұлы тамырлы нейрохирургия бөлімін басшылық қылып отырған, ақ халатты абзал жандарға, сіздерге көп-көп алғыс білдіремін. Медетов Еркін Жумагулович, Миржан Сакенович және мед.бикелердің бәріне алғысымды айтамын, әрдайын жылы жүзді, ақылдарын айтып, кішіпейіл болады. Үлкен рахмет! Қолдарыңыз дерт көрмесін ешқашан. Сонымен бірге тазалықшылар, ас таратушылар барлығына рахмет!!! Сіздерге отбасыларыңызға бақыт, оздеріңізге денсаулық, кіріп келе жатқан2017 жыл сіздерге жақсы сәттілік болып келсін! Адал еңбектің адал жемісін көре беріңіздер.



Алматы қаласынын турғыны Жакупова Рысгуль Дюсеновна

Мен, 24.12.2015 ж. туылган Шаймерден Динмухаммедтин анасы Жакупова Рысгуль, алдымен Аллага, сосын врач-нейрохирург Исканов Абай Сулейменовичке шексиз ризашылыгымды билдиремин!!! 19 акпан 2016 жылы баламнын басына шунт кою операциясын жасап екинши рет омир сыйлады. Осындай орталыкты биздин Елимизде салдырган Елбасымызга да алгысым шексиз! Оз исин жетик билетин осындай биликти маман иесине, ягни Исканов Абай Сулейменовичке Алланын нуры жаусын. Аркашан Алланын назарында болсыншы деп дуга кылам!!! Осындай даригерлер саны арта берсин! Улттык Нейрохирургия Орталыгына да ризашылыгым оте зор! Шын конилмен : Алматы каласынын тургыны Жакупова Рысгуль Дюсеновна