бейсенбі, 13 қазан 2022
Ұлттық нейрохирургия орталығына Алматы облысынан 6 жасар қыздың ата-анасы медициналық көмекке жүгінді. Кішкентай науқас қол мен аяқтардың әлсіздігі, қозғалыстардың шектелуі және мойынның мәжбүрлі қалыпта тұратындығы жөнінде шағымдарын жеткізді.
МРТ-да дәрігерлер мойын - желке омыртқалардың дамуындағы туа біткен ауытқуды анықтады. Нейрохирургия орталығының дәрігерлерімен консилиум өткізілді. Онда емдеудің одан әрі тактикасы мен әдісі анықталды.
Жағдайдың күрделілігі қыздың бірнеше омыртқа денелерінің болмауында болды, бұл бастың толығымен алдыңғы жағына қарай жылжуына әкелді.
Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаевтың айтуынша, күрделілігі мен қауіптілігіне байланысты мұндай операциялар тек жетекші мамандандырылған клиникаларда жасалады және айтарлықтай сирек кездеседі. «Біз балаға аса күрделі операция жасадық. Қызда мойын-желке омыртқалардың көптеген туа біткен ақаулары болды, нәтижесінде жұлын мен ми бағанасы қысылған. Осыған байланысты, 6 жасқа дейінгі бала өздігінен жүре алмады, еркін қозғала алмады, киініп, шалқасынан жата алмады. Неврологиялық симптоматологияны және МРТ зерттеу нәтижелерін ескере отырып, нейрохирургтар тобының шешімі бойынша бас пен мойынның қалыпты анатомиялық арақатынасын қалпына келтіре отырып, мойын-желке аймағының омыртқаларын қалпына келтіру, содан кейін С1, С2, С3, С4, С5, С6 омыртқаларды трансартикулярлық, транскортикальды бекіту операциясы жасалды.» - деп түсіндірді, Талғат Керімбаев.
Қыздың анасының айтуынша, бес жасқа дейін қыз толық жүре алмаған, балерина сияқты аяқтың ұшымен жүрді. Алты жасында, қыздың бойы күрт өскен кезде, аяқтың ұшымен жүруді тоқтатты және толығымен төсекке таңылды. «Біз баламыздың туа біткен патологиясы туралы білген кезде бұған дейін де осы Орталыққа жүгінген едік, бірақ дәрігерлермен сүйектердің аздап нығаюы үшін біраз уақыт күту керектігі айтылды, операция кейінге қалдырылды. Қазір бұл Орталыққа операция жасатуға келдік. Мұнда операцияға арнайы дайындық шаралары өтті. Бір апта бұрын менің балама операция жасалды, жүруге әлі ерте, дегенмен мен қазір баламның аяғында жиырылу жоқ екенін байқадым. Аяқтың табаны босаңсыған, бұрынғыдай тартылып тұрған жоқ. Енді біз қызымыздың алғашқы қадамдарын жасай алатынын сәттерін асыға күтудеміз!» - деп бөлісті кішкентай науқастың анасы.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Сапарбек Сейтбековтің айтуынша, операция кезінде басты міндет қысылған жұлынды сәтті босату, физиологиялық лордоз жасау және мойын омыртқасын бекіту болды. «Операция кезінде омыртқалардың ауытқуы қолжетімділіктің техникалық қиындықтарына әкелді. Ми бағанасын, жұлын мен қан тамырларының зақымдану қаупі өте жоғары болды. Осы өмірлік маңызды орталықтар зақымданған жағдайда пациент сал ауруына шалдығуы мүмкін немесе тіпті пациент өлімімен аяқталуы да әбден мүмкін болатын жағдай. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай сәтті өтті, бала қимыл –қозғалысқа келтіріле бастады, қазір жиырылу регрессиясы және аяқтың бұлшық еттерінің күш алуы түріндегі динамика байқалады.» - деп бөлісті Сапарбек Сейтбеков.
МӘМС аясында жүргізілген операция 4 сағатқа созылды. Операцияны профессор, ҚР ҰЖҒА академигі Талғат Керімбаев, практикалық жұмыс өтілі 30 жылдан астам, нейрохирург дәрігер, PhD Виктор Алейников және Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Сапарбек Сейтбеков жасады.