Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ер адамнан өте үлкен көлемдегі ісікті алып тастады

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ер адамнан өте үлкен көлемдегі ісікті алып тастады

бейсенбі,  4  қараша  2021

    Ұлттық нейрохирургия орталығында күнделікті өте күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалады. Осындай операциялардың бірі миында көлемі 7*7 см глиальды ісігі бар 44 жастағы ер адамға жасалды. Операциядан бұрын науқаста бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, сол жақ аяқ-қолдардағы әлсіздік, сондай-ақ конвульсиялық ұстамалар туралы шағымдар болған.

  Дәрігерлер ісіктің мұндай мөлшері өте үлкен және науқастың денсаулығына зор қауіп төндіреді деп санайды. Науқасқа клиникалық декомпенсация сатысында мүйізді денеге өсуімен оң жақ маңдай бөлігінің алып глиальды ісігі диагнозы қойылды. Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері 6 сағаттық «Оң жақ маңдай-төбе-самай сүйегінің краниотомиясы, МРТ-трактография және нейронавигацияны қолдана отырып, глиальды ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау» операциясын өткізді. Операция сәтті өтті, ісік толығымен алынып тасталды.

   «Ісіктің мөлшері үлкен болды, ол миды қатты қысқан. Бізге сау тіндерді миллиметр бойынша бөлуге тура келді. Сонымен қатар, біз мидың өмірлік маңызды тамырларын зақымдамауға өте үлкен мән бердік. Бұл жерде осы аймақтарға зиян келтірмеу аса маңызды. Ісікке назар аудара отырып, біз қимыл-қозғалысқа жауап беретін аймақтарды, сондай-ақ үлкен артерияларды аса сақтықпен айналып өттік. Сондай-ақ, ісікті жою дәлдігі МРТ – трактографияның көмегімен алдын-ала жасалған координаттарға байланысты болды - бұл мидың өткізгіш жолдарының (ақ зат трактілері) барысы мен құрылымдық өзгерістерін көрсететін жаңа әдіс, сонымен қатар аэронавигациялық жүйе де қолданылды. Осындай технологиялық жабдықтың арқасында біз жоғарыда аталған құрылымдар мен аймақтарға қол тигізбедік және ісікті кейіннен пациентке неврологиялық мұқтаждық туындатпайтындай етіп алып тастай алдық» - деп, бөлісті пациентті емдеуші дәрігер Тілеубергенов Мұратбек Әбдіғалиұлы.

  Айта кету керек, бұл операция жоғары технологиялық медициналық қызмет болып табылады. Пациент үшін операция МӘМС шеңберінде квота бойынша тегін жасалды. Мұндай хирургиялық араласулар кезінде оң нәтижеге тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары, білікті мамандары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда ғана қол жеткізуге болады.

  Операцияны көп жылдық тәжірибесі бар дәрігерлер жүргізді. Олар Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, «ҰНО» АҚ профессоры Рыскелдиев Нұржан Әмірбекұлы және нейрохирург дәрігер Тлеубергенов Мұратбек Әбдіғалиұлы, сондай-ақ анестезиолог - реаниматолог дәрігер Нұрдинов Марс Адылбекұлы және операциялық мейіргер Шауетова Роза Ильясқызы.


тiзiмге қайтару