Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі делегациясының сапары

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі делегациясының сапары

сәрсенбі,  22  желтоқсан  2021

   Бүгін Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Бехзод Анварұлы Мусаев бастаған делегация және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші Вице-министрі Марат Едігеұлы Шоранов Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен келді.

   Кездесу барысында Өзбекстаннан келген қонақтар Орталықтың қызметімен, клиникалық бөлімшелердің жұмысымен, сондай-ақ Орталық Азиядағы жалғыз «Гамма-пышақ» қондырғысы жұмыс істейтін Радиология және радиохирургия бөлімшесінің жұмысымен танысты.

  Тараптар ынтымақтастық пен медициналық туризм үшін мүмкіндіктер мәселелерін талқылады. Кездесу соңында Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Орталықтың жұмысы мен материалдық жабдықталуын жоғары бағалап, Орталық ұжымына өркендеу және үлкен жетістіктер тіледі.


тiзiмге қайтару