Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Орталықта дәрігер-резиденттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары тыңдалды

Орталықта дәрігер-резиденттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары тыңдалды

сенбі,  3  шілде  2021

   «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ тарихында тұңғыш рет дәрігер-резиденттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары тыңдалды.
2021 жылдың 28 маусымында "Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы" мамандығының 2 курс резиденттері Орталықтың оқытушылары, профессорлары мен дәрігерлерінің жетекшілігімен өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырды.
    Осылайша келесі ғылыми жұмыстар тыңдалды:
Зейнегалиева А.Ж. «Паркинсон ауруы кезіндегі қабыну маркерлерінің болжамдық маңыздылығы». Ғылыми жетекшісі - Жамантаева Б. Д.
Токшекенова Б.С. «Пролактин деңгейіне клиникалық параметрлердің әсері және олардың пролактиномалары бар пациенттердегі болжамды маңыздылығы». Ғылыми жетекшісі - Мустафин Х. А.
Куандыкова Ш.К. «Гипофиз аденомасындағы қабыну және клиникалық қан маркерлерінің өзара байланысы». Ғылыми жетекшісі - Мустафин Х. А.
Кабринова А.М. «Ми глиомаларындағы қабыну маркерлерінің болжамды маңызы». Ғылыми жетекшісі-Ауэзова Р. Ж.
Рахымжан М.А. "VEGF молекулалық маркерлерінің диагностикалық және болжамдық маңызы. Қатерлі ісіктің ІІ-ІV дәрежелі ми глиомалары бар пациенттерде Apq". Ғылыми жетекшісі - Ауэзова Р. Ж.
     Барлық зерттеу жұмыстары профессорлық-оқытушылық құраммен жоғары бағаланды.


тiзiмге қайтару