Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Республика күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты іс-шара өтті

Республика күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты іс-шара өтті

сенбі,  22  қазан  2022

Бүгін Республика күні қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты іс-шара өтті. Нейрохирургия орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен жоғары бағаланды.
Іс-шараға «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы Серік Қуандықұлы Акшулаков, «ҰНО» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мажит Зейноллаұлы Шайдаров және Орталық ұжымы қатысты. Серік Қуандықұлы өз сөзінде еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы орасан Республика күнін құрметтеудің жоғары маңыздылығын атап өтті, өйткені дәл осы 25 қазаннан бастап мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуының санауы жүргізіліп, Тәуелсіздікке басқан алғашқы қадам болды.
Салтанатты кездесуде «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Нұржан Абишев, Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің функционалды диагностика дәрігері Гүлнұр Керимкулова, Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің пост мейіргері Гүлнар Абдрахманова марапатталды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Нейрооңалту бөлімшесінің логопеді Нина Бикулова, Білім беру бөлімінің бас маманы Зульфия Камалова, Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экология секторының экология инженері Арман Оспанов марапатталды. ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің нейрохирург дәрігері Нұрман Чабдаров, Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің аға мейіргері Динара Бельгибаева, Радиология және радиохирургия бөлімшесінің аға мейіргері Айғаным Тунганова, Госпитальдық фармация бөлімінің Дәріхана қоймасының бас маманы Гүлден Абдрахманова, Адами ресурстарды басқару және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы Айгерім Тусупбекова марапатталды.
Іс-шара соңында Нейрохирургия орталығының басшылығы барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, өз ісіне берілген ерен еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, ашық аспан және отбасылық амандық тіледі.



тiзiмге қайтару