бейсенбі, 19 мамыр 2022
2022 жылғы 19 мамырда Ұлттық нейрохирургия орталығында Жапония делегациясымен кездесу өтті. Жұмыс сапарымен Нейрохирургия орталығына JICA жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің өкілдері медициналық мәселелер жөніндегі кеңесші Мишим Шиори және бағдарламалар үйлестірушісі Геннадий Редькин келді.
Кездесудің мақсаты екі жақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында қонақтар Орталықтың қызметімен, сондай-ақ клиникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты. Өз кезегінде қонақтар JICA компаниясының қызметі туралы айтып, іске асырылған жобалармен таныстырды. Кездесу соңында Жапония делегациясы клиниканың кәсіби деңгейінің жоғары екендігін атап өтіп, өзара ынтымақтастыққа ниет білдірді.