Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығында Орталықтың резиденттері үшін IPC жүйесі бойынша шебер-класс өткізді

Ұлттық нейрохирургия орталығында Орталықтың резиденттері үшін IPC жүйесі бойынша шебер-класс өткізді

жексенбі,  17  сәуір  2022

   Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Ұлттық нейрохирургия орталығында Ғылыми-білім беру симуляциялық орталығының меңгерушісі Сыздыков Асқар Мырзаханұлы Орталықтың резиденттері үшін IPC жүйесі бойынша шебер-класс өткізді. IPC жүйесі - бұл краниальды және жұлын нейрохирургиясындағы ми мен жұлынның қолжетімді емес жерлерінде нейрохирург үшін барынша және дәл тәсіл беретін арна жүйесі.

  Шебер-класс барысында резидентура тыңдаушылары осы жаңа жүйені игерді, нейрохирургиялық патология кезінде практикалық дағдыларды пысықтады. IPC жүйесін пайдалану қателері талданды және осы жабдықтың бұзылуын алдын алу талқыланды. Сонымен қатар, жүйенің саптамалары егжей-тегжейлі зерттелді және олар қандай нейрохирургиялық операцияларда тиімді болатындығы айтылды. Шебер-класс ғылыми-білім беру симуляциялық орталығында өтті және алдын ала дайындалған муляждарда өткізілді. Асқар Мырзаханұлының айтуынша, резиденттер алған дағдыларын операциялар кезінде қолдана алады, бұл операциялар барысында нәтижелілікті айтарлықтай арттырады.


тiзiмге қайтару