дүйсенбі, 23 мамыр 2022
Бүгін, ағымдағы жылдың 23 мамырында Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Нұр-Сұлтан қаласындағы «AMANAT» партиясы «Өркениет» филиалының өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма Төрағасы Байгенжин Абай Қабатайұлы және «AMANAT» партиясы филиалының «Өркениет» филиалының атқарушы хатшысы Утебаева Мария Мұхтарқызы қатысты.
Кездесу барысында кездесуге қатысушылар Конституцияның ел дамуындағы рөлін талқылап, конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар өз тыңдаушыларын 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумға белсене қатысуға шақырды.