Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жұлын ісігіне шалдыққан науқасқа асқан шеберлікті қажет ететін операция жасады

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жұлын ісігіне шалдыққан науқасқа асқан шеберлікті қажет ететін операция жасады

сәрсенбі,  20  сәуір  2022

Алматылық 35 жастағы Владимирді ағымдағы жылдың наурыз айында оң жақ қолы және оң жақ аяғындағы әлсіздік пен ұйып қалу мазалай бастады. Ол тұрғылықты жері бойынша неврологтан ем қабылдады, бірақ оның денсаулығы жақсармады. Көп ұзамай пациент мойын омыртқасының МРТ диагностикасына жіберілді. МРТ суреттерінің нәтижелері бойынша пациентке С1-С4 омыртқалары деңгейінде интрамедулярлы тамырлы ісік диагнозы қойылды. Ісік бассүйегінің негізінде миға өтетін жұлынның ішінде орналасқан. Ісіктің орналасуы өте қиын жерде болды және нейрохирургтардың асқан шеберлігі, заманауи жабдықтар мен техника қажет болды. Айта кетейік, мұндай күрделі операцияны тек Нейрохирургия орталығында ғана жасауға болады.

Пациенттің айтуынша, Нейрохирургия орталығына келгенге дейін ол Корея мен Германияның шетелдік клиникаларына емделу туралы бірнеше өтініш жіберген. «Менің көптеген достарым шетелге емделуге баруға кеңес берді. Кореяда Нейрохирургия орталығында жасалған дәл осындай ота үшін менен 29000 евро сұрады. Сонымен қатар, Корея дәрігерлері ота сәтті жасалатындығынаа немесе операциядан кейін мүгедек болмайтыныма кепілдік бермеді. Германияға сұрау салғаннан кейін мен Германия дәрігерлерімен сөйлесе алдым. Олар неліктен мен Қазақстандағы Ұлттық нейрохирургия орталығына (Нұр-Сұлтан қ.) жүгінбегендігімді сұрады. Нұр-Сұлтандағы Нейрохирургия орталығы туралы неміс дәрігерлері шетелдіктерден еш кем емес, емдеуде заманауи әдістер мен технологияларды қолданатын және барлық қажетті жабдықтар мен құрал-саймандарға, білікті мамандарға ие және сәтті операциялар жүргізетін заманауи клиника ретінде пікір білдірді.». - деп бөлісті пациент Владимир. Ол біздің елімізде мұндай клиниканың бар екенін білмегендігін айтты. Содан кейін қажетті ақпарат пен құжаттарды жинап, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ медициналық көмекке жүгінді, мұнда бөлімше меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Керимбаев Талғат Тынышбайұлынан кеңес алды.

Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігерлері жұлын мен ми бағанының қысылуымен краниовертебральды өту ісігін алып тастау бойынша 4 сағаттық операция жасады. Операция алдында трактографиямен 3-Тесла МРТ зерттеуі жүргізілді, оның көмегімен дәрігерлер ісіктің орналасқан жерін анық көре алды, бұл хирургиялық емдеу тактикасын таңдауда нейрохирургтердің жұмысын жеңілдетті. Сондай-ақ, операция кезінде жұлын құрылымдарындағы хирургиялық манипуляцияларды бақылауға мүмкіндік беретін интраоперациялық нейромониторинг қолданылды, бұл неврологиялық асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Операцияны Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі – 30 жылға жуық практикалық жұмыс өтілі бар Талғат Тынышбайұлы Керимбаев және нейрохирург дәрігер – Жандос Мұхтарұлы Туйгунов жүргізді.

Талғат Тынышбайұлының айтуынша, операция кезінде анатомиялық ойықтардың бойымен ісікке дейін жету және жұлынның өткізгіш жолдары мен орталықтарына зақым келтірмей, оны алып тастау бірінші кезектегі міндет болған. «Краниовертебральды өту аймағы ісіктерде өте қауіпті локализация болып табылады. Онда ми жүйесі өтеді, омыртқа артериясы, тыныс алу тамырлары, қимыл-қозғалту орталықтары бар. Осы өмірлік маңызды орталықтар зақымданған жағдайда пациент салдануы мүмкін, тіпті соңы өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда техникалық тұрғыдан қол жеткізу қиын болды, бірақ пациент үшін қауіпсіз, бұл дененің өмірлік маңызды құрылымдарының қызметін сақтай отырып, ісікті толығымен алып тастауға мүмкіндік береді. Осындай күрделі операциялармен біз жиі кездесеміз.». - деді доктор Керімбаев.

Операция сәтті өтті, ісік толығымен алынып тасталды. 2 тәуліктен соң науқас аяққа тұрғызылды. МӘМС аясында пациентке квота бойынша операция жүргізілді. Емделуге жатқызу кезінде пациентте оң жақтың гемипарезі, әлсіздік, дененің оң жартысында ұю байқалды. Пациент күнделікті өмірлік өз қажеттіліктерін жасауда қиындыққа тап болды, заттарды оң қолымен көтере алмады, қолдың ұсақ моторикасы бұзылды, бұлшықет күші төмендеді. Қазірдің өзінде пациент өзін жақсы сезінеді, дененің оң бөлігінің ұюы жойылды, бұлшықет күші және қолдың ұсақ моторикасы динамикада қалыпты жағдайға дейін жақсарды. Қайта жасалған МРТ-да ісік толығымен алынып тасталғандығы көрінді. Бүгін пациент операциядан кейінгі 7 тәулікте үйге шығуға дайындалуда.

«Маған күрделі операция жасалды, ісік қол жетпейтін жерде орналасқан. Бүгін операциядан кейін бір апта уақыт өтті, мен өзім жүремін, қозғаламын, өзімді жақсы сезінемін, күн сайын жақсарып, тез қалпыма келудемін. Менің денсаулығымды қалпына келтіруге атсалысқан барлық медициналық қызметкерлерге өте ризамын. Дәрігерлер мұнда ең үздік, Қазақстанда осындай Орталықтар - заманауи Нейрохирургия, Кардиохирургия, Онкология орталықтары бар екенін мақтан тұтамын. Шетелге барып, үлкен ақша жұмсаудың қажеті жоқ, мұның бәрі біздің елде бар.». - деп өз ойымен бөлісті пациент Владимир.


тiзiмге қайтару