Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Covid-19 жұқпалы ауруын емдеуде тәжірибе алмасу, сондай-ақ covid-19 емдеудің инновациялық әдісін зерттеу бойынша халықаралық конференциясына қатысу

Covid-19 жұқпалы ауруын емдеуде тәжірибе алмасу, сондай-ақ covid-19 емдеудің инновациялық әдісін зерттеу бойынша халықаралық конференциясына қатысу

сәрсенбі,  29  қыркүйек  2021

  Бүгін covid-19 жұқпалы ауруын емдеуде тәжірибе алмасу, сондай-ақ covid-19 емдеудің инновациялық әдісін зерттеу бойынша халықаралық конференция өтті, оның ұйымдастырушысы Вирустарды зерттеу жөніндегі халықаралық альянс болып табылады.
  Конференцияда кореялық емдеу саласындағы ынтымақтастық ұйымдары –Chungcheongnam-do (Nanum халықаралық қоры, Korea) бірге Adipo LABs Co өз тәжірибелерімен және зерттеу нәтижелерімен бөлісті, Бұдан басқа Үндістан, Малайзия, Сингапур, Ресей, Қазақстан сияқты елдер қатысты.
  Сондай-ақ, аталған конференцияға Нейрохирургия орталығының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенбайқызы Төлепбергенова қатысты. Өз баяндамасы барысында Айгүл Дүйсенбайқызы осы конференцияның маңыздылығын, пандемиямен күресте бірлескен күш-жігердің ынтымақтастығы жөнінде атап өтті, бұл жаңа жетістіктер мен табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Айгүл Дүйсенбайқызы барлық қатысушыларға атқарып отырған жұмыстарына игілік пен сәттілік тіледі.


тiзiмге қайтару