Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Шайдаров Мажит Зейноллаұлы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Шайдаров Мажит Зейноллаұлы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

сәрсенбі,  8  желтоқсан  2021

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Шайдаров Мажит Зейноллаұлы мемлекетіміздің қалыптасуына, егемендігіміздің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
  Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы Мажит Зейноллаұлын табысталған марапатпен шын жүректен құттықтайды! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
  Шайдаров Мажит Зейноллаұлы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісімен (2002 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен (2005 ж.), «Құрмет» орденінің кавалері (2013 ж.), Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Құқықтық тәртіп әскерлеріне 25 жыл» төсбелгісімен (2017 ж.), «Парасат» орденімен (2020 ж.) марапатталған.


тiзiмге қайтару