Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Серік Қуандықұлы Акшулаков Христофор Леденцовтың Жалпыұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Серік Қуандықұлы Акшулаков Христофор Леденцовтың Жалпыұлттық сыйлығының лауреаты атанды

сейсенбі,  28  желтоқсан  2021

   «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, академик Серік Қуандықұлы Акшулаков «Нейрохирургияның жаңа бағыттары мен жедел емдеу әдістерін» енгізгені үшін Христофор Леденцовтың Жалпыұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

   Салтанатты марапаттау рәсімі 2021 жылғы 24 желтоқсанда Ресейде, Мәскеу қаласында өтті. Христофор Леденцовтың Жалпыұлттық сыйлығы ғылыми-технологиялық әлеуетті қолдауға және дамытуға, сондай-ақ ғылымды, технологияларды ілгерілету саласындағы қайырымдылық және инвестициялық қызметті көтермелеуге және оларды қоғам игілігі үшін іс жүзінде қолдануға бағытталған. Сыйлық ғылым мен инновация бағыттары бойынша 6 лауреатқа берілді.

   Сыйлық орыс ғылымының аскетигі, ұлы орыс меценаты, экономист, қоғам қайраткері және «Тәжірибелі ғылымдардың жетістіктері мен оларды практикалық қолдану қоғамы» негізін қалаушы, Вологда қаласының тумасы Христофор Семенович Леденцовтың туылғанына 180 жыл толуына арналған.

   Бұл сыйлық Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің, Ресей Федерациясының Федерация Кеңесінің Мемлекеттік Думасының, Ресей өнеркәсіп министрлігінің, Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресей Федерациясының Сауда-Өнеркәсіп палатасының, Ресей Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағының, Вологда облысының Үкіметінің, Вологда қаласының әкімшілігінің қолдауымен өткізілді.

   Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Серік Қуандықұлын кезекті еңбек сіңірген марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да алар асу, шығар белесіңіз биік, деніңіз сау, отбасыңыз аман, шығармашылық жеңістеріңіз мол болуына тілектестік білдіреді!


тiзiмге қайтару