
сейсенбі, 6 желтоқсан 2022
Бүгін, 2022 жылғы 6 желтоқсанда «ҰНО»АҚ АҚ Басқарма Төрағасы, нейрохирург, Қазақстанның Еңбек Ері Серік Акшулаков «Еңбек жолы» жобасы аясында жас ұрпақпен, атап айтқанда еліміздің ЖОО студенттерімен ашық диалогқа спикер ретінде қатысты.
Іс-шараның мақсаты қоғамдағы адал еңбек идеясын ілгерілету және жастардың еңбек құндылықтарына құрметін арттыру болды. Мұндай іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.
Кездесу Астанада, «Қазмедиа» ғимаратында өтті. Сондай — ақ, іс — шараның спикерлері «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының басқа да иегерлері болды: Миразова Аягүл Төреқызы - Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, педагогикалық еңбек ардагері, сондай-ақ Амренов Рышат Бабайұлы-көмір өндіруші кәсіпорынның механигі, жоғары білікті тау-кен инженері.
Кездесу барысында спикерлер жастармен өз тәжірибелерімен, өмірге деген көзқарастарымен, мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық жөнінде өмірдегі өз түйгендерімен, кеңестерімен бөлісті.