Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Пазылбеков Талғат Тұрарұлы денсаулық сақтаудағы жетістіктері үшін мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды

Пазылбеков Талғат Тұрарұлы денсаулық сақтаудағы жетістіктері үшін мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды

сәрсенбі,  15  желтоқсан  2021

   ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының Медициналық директоры Пазылбеков Талғат Тұрарұлы денсаулық сақтаудағы жетістіктері үшін мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.

  Пазылбеков Талғат Тұрарұлы - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-нейрохирург және күрделі мәселелерді шешуге белсене қатысатын, Орталық қызметкерлері мен пациенттерге әрдайым көмектесуге дайын бастамашыл басшы.  Біз оны өз ісіне берілгендігі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін құрметтейміз.

  Талғат Тұрарұлы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2011 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016 ж.), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2019 ж.) марапатталған.

  Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы Талғат Тұрарұлын еңбегі сіңген марапатымен шын жүректен құттықтайды! Отбасыңызға амандық, зор денсаулық, өсіп-өркендеу және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!


тiзiмге қайтару