Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   
ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Атыраудан келген науқасқа мұрын арқылы ми ісігін алып тастау операциясы жасалды

бейсенбі,  21  шілде  2022

Соңғы бірнеше жылда Атырау қаласының тұрғынын қатты бас ауруы мазалай бастайды, соның салдарынан әйел мидың МРТ диагностикасынан өтті. МРТ-суретте гипофиздің қатерсіз ісігі анықталды. Науқас эндокринологтың бақылауында болды. Дәрігерлер атап өткендей, гипофиздің бірқатар аденомалары консервативті дәрі-дәрмектермен сәтті емделеді, бірақ егер ісіктің өсуі байқалса, хирургиялық жолмен емдеу қолданылады. Науқастың айтуынша, бір жыл ішінде ісіктің өсуі байқалмады.  Бірақ өткен жылы ісік қайтадан өсе бастайды, науқастың көру қабілеті күрт нашарлайды. МРТ бақылау суретінде аденоманың өсуі расталды. Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлерімен  хирургиялық емдеу  ұсынылды.

Ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері м.ғ.к. Телтаев Данияр Керімқұлұлы атап өткендей, гипофиз ісігін жою кіші инвазиялы түрде, яғни науқастың  мұрны арқылы эндоскоптың көмегімен орындалды. «Бұл нейрохирургияда ондаған жылдар бойы қолданылатын дәлелденген емдеу әдісі. Осы уақыт ішінде нейрохирургиялық араласуларға трансназальды қолжетімділік көптеген жан-жақты жетілдірулерден өтіп, қауіпсіздік пен тиімділік түрін жақсартты және гипофизді аденомамен бірге жоюдың стандартты процедурасына айналды. Бүгінгі таңда трансназальды хирургия гипофиз аденомаларында жиі қолданылатын әдіс болып қала береді. Бұл науқасқа аденоманың хиазмальды-селлярлық аймағының ісігін трансназальды трансфеноидты эндоскопиялық алып тастау жасалды. Хирургиялық араласу  шамамен 2 сағатқа созылды. Операция сәтті өтті, қазір науқас палатада, үйге шығаруға дайындалып жатыр.»- деп атап өтті Данияр Телтаев. 

Айта кету керек, операциядан кейін науқас  денсаулығының  жақсаруындағы оң өзгерістерді байқады. Көздің көруі жақсарды, бұрын күшті анальгетиктер қабылдаумен де  тоқтамайтын  қатты бас аурулары да жоқ.

«Ұзақ уақыт бойы операция жасатуға батылым жетпеді. Өзімде үлкен қорқыныш болды. Өз қорқынышымды жеңу үшін психологтармен ұзақ уақыт жұмыс жасадым. Содан кейін барып қана  операция жасатуға шешім қабылдадым. Дәрігер Данияр Керімқұлұлымен таныстым. Дәрігермен болған әңгімелесу  бұрынғы қалпыма  келуіме үміт отын жақты. Осы Орталыққа, дәрігерлерге, бөлімше мейіргерлеріне, сондай-ақ реаниматологтарға, реанимация бөлімшесінің мейіргерлеріне ыстық ықыластары мен кәсіби шеберліктері үшін үлкен алғысымды білдіремін.»- деп бөлісті Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің науқасы.

тiзiмге қайтару