дүйсенбі, 6 желтоқсан 2021
Адами ресурстарды басқару және кадрлық жұмысы бөлімі JCI ұлттық және халықаралық аккредиттеу стандарттарын сақтау мақсатында 2021 жылғы 6 желтоқсанда «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да Қоғам Басқармасының мүшелері мен бөлімше басшыларының қатысуымен жаңа қызметкерлерге арналған таныстыру-бағдарлау бағдарламасын өткізді.
Танысу-бағдарлау бағдарламасын жүргізудің негізгі міндеттері жаңа қызметкерлердің жаңа жұмыс орнына тиімді бейімделуі, Қоғамның жұмыс істеу тәртібін түсінуі, сондай-ақ оларды атқаратын қызметімен таныстыру болып табылады.
Таныстыру-бағдарлау бағдарламасы барысында Басқарма мүшелері, бөлімше басшылары жаңа қызметкерлерді Қоғамның Даму жоспарымен, корпоративтік мәдениетпен, инфекциялық бақылау бағдарламасымен, JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарымен, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту бағдарламасымен таныстырды.