Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Орталықта инсультке алып келетін аурулар мен емдеу тәсілдері туралы «Диагноз» бағдарламасында айтылды

Орталықта инсультке алып келетін аурулар мен емдеу тәсілдері туралы «Диагноз» бағдарламасында айтылды

сәрсенбі,  28  шілде  2021

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары – Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі Ержан Боранбаев пен Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетов инсульт ауруының қауіпі, түрлі факторлары, аурудың профилактикасының дербес тәсілдері, Орталықта инсультке алып келетін аурулар мен емдеу тәсілдері туралы «Диагноз» бағдарламасында айтып береді.
Бұдан өзге, әрбір азаматқа инсульттың алғашқы белгілерін білу де өте маңызды. Бүкіл әлемге танымал FAST test деп аталатын инсульт симптомдарын білуге арналған тест бар, бұл тест адамның бет жүзі – қолы – сөйлеу – уақытты білдіретін, яғни адамда бетінің жартысы жансыздану симптомы немесе бет жүзінің қисаюы, қолдың немесе дененің бір жағындағы жансыздану сезімі, анық сөйлеу алмау түріндегі сөйлеу бұзылысы орын алса, барлық симптомдар кенеттен пайда болса, білікті медициналық көмек көрсетуге 4,5 сағат қана уақыт бар. Инсульт кезінде білікті медициналық көмек көрсету алғашқы симптомдар білінген сәттен бастап алғашқы 4,5 сағатты құрайтын «терапиялық саңылау» кезеңінде, яғни дереу 103-ке хабарласу қажет. Сондықтан әрбір азамат инсульттың алғашқы симптомдарын білгені және дер кезінде медициналық көмекке жүгінгені маңызды.

Бағдарламаны осы сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://youtu.be/2mkqjTgKsaE


тiзiмге қайтару