Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен Моңғол Халық Республикасының делегациясы келді

Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен Моңғол Халық Республикасының делегациясы келді

жұма,  25  қараша  2022

Бүгін, 25 қараша күні Ұлттық нейрохирургия орталығына жұмыс сапарымен Моңғол Халық Республикасының делегациясы келді.

Сапар барысында шетелдік қонақтар Ұлттық нейрохирургия орталығының ноу-хауы болып саналатын Госпитальдық фармация бөлімшесінің жұмыс принципімен және дәрі-дәрмектерді инновациялық басқарудағы серпінді жобамен танысты.

Жұмыс сапары барысындағы кездесуде  Госпитальдық фармация бөлімшесінің меңгерушісі Толепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы шетелдік әріптестеріне Нейрохирургия орталығында дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы баяндады. Айгүл Дүйсенбайқызы Ұлттық нейрохирургия орталығы посткеңестік кеңістікте дәрілік заттарды орталықтандырылған дайындау және дербестендірілген бөлу жүргізілетін Госпитальдық фармация бөлімі ашылған алғашқы клиникалардың бірі болып табылатындығын атап өтті. «Арнайы дайындалған персоналдың және бақылаудың қосарлы деңгейінің болуы дозаны есептеу кезінде де, препаратты дайындау кезінде де қателіктер туындау мүмкіндігін жоққа шығарады. Сондай-ақ клиника үшін маңызды артықшылық - клиника үшін фармакотерапия жүргізу құнының төмендеуі болып табылады. Яғни, бұл дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану деген сөз.» - деп, өз ойымен  бөлісті Айгүл Толепбергенова.

Сапар қорытындысы бойынша Моңғол Халық Республикасының денсаулық сақтау делегаттары Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмыс деңгейін жоғары бағалады және бүгінгі кездесу олар үшін екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығына үлкен үлгі және жақсы көмек болатынын атап өтті.


тiзiмге қайтару