Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығы Білім және ғылым министрлігінде «Нейроонкологиядағы биобанк» ғылыми мақаласымен конференцияға қатысты

Ұлттық нейрохирургия орталығы Білім және ғылым министрлігінде «Нейроонкологиядағы биобанк» ғылыми мақаласымен конференцияға қатысты

сәрсенбі,  10  қараша  2021

  2021 жылғы 10 қарашада Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан дамудың негізгі бағыттары: өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «Нейроонкологиядағы биобанк» ғылыми мақаласымен конференцияға қатысты, оның авторлары нейрохирургия орталығының қызметкерлері - А.Б. Касымова, Д.М. Байсханова, Б.Б. Жетписбаев, М.П. Солодовников.

   Іс-шараны «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды. Бұл-ғылымды дамыту арқылы халықаралық қатынастарды дамытуға үлес қосатын ғылыми-қоғамдық ұйым. Осы конференция аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік жас ғалымдарының IV Халықаралық кітап басылымы - 2021 тұсаукесері өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша «Үздік жас ғалым – 2021» медалімен, сондай-ақ I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттау салтанаты өтті.

  «Үздік ғалым – 2021» медалімен және I дәрежелі дипломмен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Патологоанатомиялық бөлімшесінің бас маманы, «Биология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі - Касымова Айнұр Біржанқызы марапатталды.

    Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз, толағай табыс пен өркендеу тілейміз!


тiзiмге қайтару