сейсенбі, 15 қараша 2022
Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері 14-15 қарашада Италияның Рим қаласында өткен 6-шы Дүниежүзілік мейіргерлік білім және денсаулық сақтау конгресіне қатысты.
Ұлттық нейрохирургия орталығының Мейіргер ісі жөніндегі директоры Жумабаева Алтын Зурашевна Конгрессте «Қазақстандағы мейіргер қызметін қайта құрылымдау: Ұлттық нейрохирургия орталығының тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, 14 жыл ішінде Ұлттық нейрохирургия орталығында мейіргер қызметін қалыптастыру мен дамытудағы жетістіктерін ұсынды. Айта кету керек, Ұлттық нейрохирургия орталығын құрылған сәттен бастап мейіргер қызметін қайта құрылымдау жүргізілді және мейіргерлердің жұмысы оңтайландырылды, пациенттердің медициналық карталарына 50-ден астам мейіргерлік нысандар енгізілді, 300-ден астам стандартты операциялық процедуралар әзірленді және енгізілді, дәрілік заттарды орталықтандырылған дайындау жүйесі енгізілді. Мұның бәрі мейіргер жұмысының тиімділігін және пациенттерге күтім жасау сапасын арттырды. Баяндаманы шетелдік әріптестер өте жақсы қабылдады және қазақстандық мейіргерлік қызмет туралы оң пікірлер алынды.
Конгреске Еуропа, АҚШ, Сауд Арабиясы, БАӘ, Жапония, Оңтүстік Африка және басқа елдердің делегаттары қатысты.
Конференция нәтижесінде тәжірибе алмасу жүргізілді, шетелдік әріптестермен байланыс орнатылды, мейіргерлік қызмет пен мейіргерлік білім беруді жақсарту бойынша жаңа білім алынды.