Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығына «Астана медицина университеті» КеАҚ жұмыс сапарымен келді

Ұлттық нейрохирургия орталығына «Астана медицина университеті» КеАҚ жұмыс сапарымен келді

жұма,  21  мамыр  2021

  Бүгін, 21 мамырда Ұлттық нейрохирургия орталығына «Астана медицина университеті» КеАҚ ректорының м.а. Дәулетьярова Маржан Аманғалиқызы, Қаржы - экономикалық және әкімшілік жұмыс жөніндегі Проректор Иманберді Қайрат Боранқұлұлы және ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім басқармасының бастығы Мысаев Аян Оралханович жұмыс сапарымен келді.
  Жұмыс сапарының мақсаты «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ мен «Астана медицина университеті» КеАҚ арасында ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы шарт жасасу және шартқа қол қою болды.
Аталған шарт «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында докторантура бағдарламасы бойынша ғылыми кадрлар даярлауға бағытталатын болады.
  Сапар барысында қонақтар Орталықтың қызметімен, соның ішінде Нейрооңалту, Госпитальдық фармация бөлімшелерінің қызметімен танысты. Сондай-ақ, А.Н. Коновалов атындағы ғылыми-ақпараттық орталықтың жабдықталуымен, «Нейрохирургия және неврология» кафедрасының және Ғылыми-білім беру симуляциялық орталығының жұмысымен танысты.
   Кездесу соңында қонақтар Ұлттық нейрохирургия орталығының атқарып жатқан жұмыстары мен жабдықталу деңгейін жоғары бағалап, Орталыққа бұдан арғы өркендеу мен жетістіктер тіледі.


тiзiмге қайтару