Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері астаналық ер адамның алты жыл ауырған бетіне ота жасап, аурудан арылтты

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері           астаналық ер адамның алты жыл ауырған бетіне ота жасап, аурудан арылтты

бейсенбі,  22  қыркүйек  2022

Науқас Кабдрахман Абикенұлын шамамен алты жыл бойы оң жақтың аймағындағы ауырсынулар мазалайды. Алты жыл бойы науқас ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдады, емдеудің әртүрлі әдістері тиісті нәтиже бермеді, бет ауруы тоқтатылмады. Бірақ соңғы екі айда адам төзгісіз ауырсынулар одан да күшейе бастады. Ер адам мидың МРТ жасап, Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне медициналық көмекке жүгінді.

Науқастың емдеуші дәрігері Шыңғыс Нуримановтың айтуынша, үштармақты нерв невралгиясы бет аймағында кенеттен ауырып бастайды, ауырсыну найзағай жарқылының жылдамдығындай болады және аяқ астынан тоқтайды. Ауырсыну ұзақтығы 2-3 минуттан аз болады, бірақ бір күнде 20 ретке дейін қайталануы мүмкін.

«Бұл науқасқа біз оң жақты субокципиталды краниоэтомия, оң жақтамалық үштармақты нервтің микроваскулярлық декомпрессиясын ретросигмоидты қол жеткізу арқылы операция жасадық. Операциядан кейін науқастың жағдайы жақсарды, ауырсыну тоқтады. Бұл ауру көбінесе 50 жастан асқан әйелдерде де, ерлерде де кездеседі. Аурудың пайда болуы адамның анатомиялық ерекшеліктерімен байланысты және жоғарғы церебральды артерияның үштармақты жүйке тамырының қысылуына байланысты» -деп, Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Шыңғыс Нуриманов өз ойымен бөлісті.

«Кейде ауырсыну әдеттегі бетті жуу, ауызды шаю, қырыну, тіпті бас пен мойынның қозғалысынан да басталатын. Осы ауырсынуларға байланысты күнделікті тіршілік, өмір сүру сапасы күрт нашарлай бастады, кез келген сәтте жаныңды қоярға жер таппай кететін ауырсынулар басталып кетуші еді. Бастапқы кезеңде ауырсынуды басатын дәрілер көмектесті, бірақ уақыт өте келе мөлшерін қанша көбейтсе де, дәрілерден ешқандай көмек болмады.

Бүгін операциядан кейін үшінші күн өтті, ауырсыну жоқ. Енді мен ауырсынуды басатын дәрілерсіз қалыпты өмірге ораламын деп үміттенемін. Жан шуағы мен қамқорлыққа бөлеген осы Орталықтың барлық дәрігерлері мен медициналық қызметкерлеріне өз алғысымды айтамын. Орталықта емделу, күн тәртібі, тамақтану көңілімнен шықты, мұнда жауапты әрі өзі ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді» - деп, бөлісті науқас Кабдрахман Абикенұлы.

МӘМС аясында науқасқа квота бойынша операция жасалды.                     Үштармақты нервтің микроваскулярлық декомпрессиясы бойынша Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері апта сайын 7-10 операция жасайды. Мұндай операциялық араласулардың оң және тиімді нәтижесіне заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтар, микрохирургиялық техниканы меңгерген мамандар болған кезде қол жеткізуге болады.


тiзiмге қайтару