сейсенбі, 19 қазан 2021
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Мұндай іс-шараның мақсаты діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қаупінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Клиника холлдарында, келушілер мен пациенттер көп жиналатын жерлерде ақпараттық-түсіндіру материалдары (флаерлер, кітапшалар) таратылды. Аталған акция клиника қызметкерлерінің, келушілерінің және пациенттерінің арасында діни сауаттылықты жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында дайындалған бейнероликтерді Сіз келесі сілтемелер бойынша көре аласыз:
https://youtu.be/gVhnfUhxIv0- «Біздің тарихи таңдауымыз - зайырлы мемлекет және қоғам»
https://youtu.be/PvNYqEIRGUw - «Адамгершілік туралы»
https://youtu.be/W2tbGAy04z8- «Дұрыс діни білім - Сіздің және қоғам қауіпсіздігінің кепілі!»
https://youtu.be/tsEgDCucjCk- «Терроризм-социальный феномен / Терроризм-әлеуметтік феномен»