Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрорадиологиядағы МРТ» тақырыбында шебер-класс өтті

Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрорадиологиядағы МРТ» тақырыбында шебер-класс өтті

сейсенбі,  30  қараша  2021

  Ағымдағы жылдың 29-30 қарашасы аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында шетелдік мамандардың қатысуымен «Нейрорадиологиядағы МРТ» тақырыбында шебер-класс өтті.

   Білім беру курстарын өткізу үшін «академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми орталығы» ФМАО ғылыми қызметкері, дәрігер-рентгенолог, Ғылыми білім беру орталығы кафедрасының ассистенті, м.ғ.к.  Батталов Артем Игоревич, Мәскеу қаласы, «Федералдық нейрохирургия орталығы» ФМБМ сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-рентгенолог, РҒА ММИ аспиранты Талыбов Рустам Сабирович, Тюмень қаласы,  Ресей және ТМД ЭДСМ департаментінің медициналық кеңесшісі, GE Healthcare Крымский Игорь Сергеевич, сондай - ақ  Ресей мен ТМД медициналық кеңесшісі, GE Healthcare Pharmaceuticals Сурмава Алекси Емзариевич келді.

   Шебер-класс барысында шетелдік әріптестер нейроонкология бойынша өз баяндамаларын ұсынды, практикалық сабақтар өткізді: функционалдық МРТ, Трактография, Signa Architect 3 Тесла аппаратында алынған деректерді өңдеу және хаттаманы толтыру. Мамандардың пікірінше, бұл білім беру курстары диагностиканың заманауи әдістерін жетілдіруде, сондай-ақ шетелдік әріптестердің тәжірибе алмасуында қажет.



тiзiмге қайтару