Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ұлттық нейрохирургия орталығында заманауи гамма пышақ кешенінің іске қосылуына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Ұлттық нейрохирургия орталығында заманауи гамма пышақ кешенінің іске қосылуына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

дүйсенбі,  21  маусым  2021

   Ұлттық нейрохирургия орталығында Швецияда шығарылған заманауи гамма пышақ кешенінің іске қосылуына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
  Баспасөз-конференциясы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков, сонымен қатар радиология және радиохирургия бөлімшесінің мультидисциплинарлық командасының қатысуымен, онлайн форматта өтті.
Қазақстан ТМД аумағындағы үшінші елге және осындай жоғары технологиялық жабдығы бар Орталық Азиядағы бірінші елге айналды. Жалпы, әлемде 400-ге жуық «Гамма-пышақ» қондырғысы бар, олардың жартысы АҚШ пен Жапонияда орналасқан.
   «Гамма-пышақ» — бұл бас миы ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Мұнда 192 кобальт-60 көздерінен радиоактивті сәулелену қолданылады, оның сәулелері патологиялық ошақ аймағында жиналып, біріктіріледі. Олар ісік жасушаларының ДНҚ-сын бұзады. Бұл ретте мидың сау тіндері мен науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді. Операцияның өзі ауырсындырмай, бас сүйегін трепанациялаусыз жасалады. Операция бір реттік, яғни сәулелік терапия секілді бірнеше сатыда жүргізудің қажеті жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда «Гамма- пышақ» — радиохирургиялық емдеудің «алтын стандарты».
   Қазақстандықтар мұндай емді квота бойынша тегін ала алады. Бұған дейін пациенттерді қымбат емдеуге шет елдерге жіберуге тура келді. Ұлттық нейрохирургия орталығында Орталық Азия аймағындағы жалғыз «Гамма-пышақтың» болуы ҚР-да медициналық туризмді дамытуға да ықпал етеді.


тiзiмге қайтару