Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (тек WhatsApp арқылы 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Халықаралық радиологтар күні

Халықаралық радиологтар күні

дүйсенбі,  8  қараша  2021

 Бүгін, 8 қараша Халықаралық радиологтар күні. Қазіргі таңда медицина саласында дәрігер-радиологтың қатысуынсыз ауруды диагностикалау мүмкін емес. Ұлттық нейрохирургия ортылығындағы Радиология және радиохирургия бөлімшесі Гамма-пышақ (Gamma Khife), МРТ, компьютерлік томография, операциялық ангиография және рентген кабинеттерінен тұрады. Бұнда 25 қызметкер жұмыс істейді. Дәрігер-радиологтар өз жұмыстарында әрбір пациент үшін мейлінше сәйкес келетін, жылдам әрі ауырсынусыз зерттеу тәсілдерін мұқият таңдау жолымен дұрыс диагноз қоюға болатындығына сүйенеді.

  Құрметті әріптестер, мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, шығармашылық табыс тілейміз, еңбектеріңіз өрлей берсін!

  Атаулы күнге орай дайындалған бейнематериалымызды тамашалауға шақырамыз!

Сілтемесі: https://youtu.be/W2HqlSwvO_M


тiзiмге қайтару